- Негізгі бет
- Авто
- Tesla электркөліктері тұраққа...
Tesla электркөліктері тұраққа орналасуды үйреніп жатыр
Фото:
Islam-Today.ru
Әйгілі америкалық миллиардер Илон Масктың идеясымен құрастырылып жатқан Tesla көліктері жүргізушісіз басқарылады. Жаңа жүйенің көмегімен болашақта бұл автокөліктер тұрақтағы бос орынды өздері табады. Көлік бұл қызметті 2019 жылы толықтай меңгереді. Ақпаратты компанияның бас директоры Илон Маск өзінің «Твиттердегі» парақшасында хабарлады.
Жоғарыда айтып өткен қызметті өзі орындауға қауқарлы көліктің функциясы AutoPark деп аталады. Алайда, Маск мырза көліктің бұл қызметті қалай орындайтынын ашып айтқан жоқ.
Қазан айындағы ақпараттар бойынша, Тesla электркөліктері жарты жылдың ішінде көлікті басқаратын жаңа жүйені іске қосады. Бұл құрылғылардың көмегімен аталған жүйе бұрынғыдан 500 пайызға жылдам жұмыс жасамақ.
А. Қажиев