Илон Маск болашақ Tesla туралы айтып берді

Илон Маск болашақ Tesla туралы айтып берді
Фото: wordpress.com

Tesla компаниясының негізін қалаушы және жетекшісі Илон Маск компанияның құрылу жоспарында пайда болған электронды көтергіш жүк көлігі туралы әңгімелеп берді. Өнертапқыштың айтуы бойынша, автокөлік «Model  Y» ықшам кроссоверінен кейін шығарылады, – деп хабарлайды Electrek.

«Model Y шыққаннан кейін бірден іске кірісеміз деп уәде беремін. Мен бес жыл бойы дизайн және инженерлік элементтерді қарадым және дамуды күтемін», - деп жазды Илон Маск.

Илон Маск атап өткендей, пикап өлшемі Ford F-150-мен салыстыруға болады және одан аздап асып түсуі мүмкін.

Айта кетейік, Tesla компаниясы 2019 жылға қарай Semi электрлік жүк көлігін жарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Су жаңа жүк көлігінің негізгі нұсқасының құны 150 мың доллар. Негізгі нұсқада 480 шақырым қуат қоры болады. Ал 800 шақырым қуат қорымен модификациялау үшін сатып алушыға 180 мың доллар төлеуге тура келеді.

Ж. Жұмағұлов