Илон Маск туралы қызықты деректер

Илон Маск туралы қызықты деректер
Фото: kommersant.ru

Илон Маск – бүкіл әлемге танымал америкалық инженер, өнертапқыш, ірі кәсіпкер. Ол 1971 жылы 28 маусымда Оңтүстік Африка Республикасының Претория қаласында туған. Бүгін сіздерге осы тұлға туралы бірнеше қызықты дерек ұсынамыз.

Мектепте оқып жүрген кезінде оны сыныптастары аяусыз жәбірлеген. «Илон Маск: Tesla, SpaceX және қиял-ғажайып болашақты іздеу» кітабында оны сыныбындағы балалар баспалдақтан итеріп жібергені жазылған. Ол есін жоғалтып, дер кезінде ауруханаға жеткізілген екен.

12 жасында бағдарламалау тілін білген, соның арқасында 1984 жылы ең алғашқы 500 доллар табысын тапқан. Бұл өзі жасаған Blastar атты видео ойынын компьютерлік журналға сатудан түскен қаражат еді.

Илон Маск 2016 жылы Twitter желісіне «The Boring Company» жобасын бастайтынын жазды. Бұл қазақшаға аударғанда «Іш пыстырарлық компания» немесе «Бұрғы компаниясы» деген екі түрлі мағына береді. Бұл атауды жоба авторы алғаш әзіл ретінде шығарған болатын, кейін шынында да осы атаумен жобаны бастап, біраз жетістікке жетіп үлгерді.

Студенттік жылдары курстасы Адео Ресси екеуі өздері оқыған Пенсильвании Университетінің жатақханасын жалға алып, оны түнгі клубқа айналдырған. Рессидің Vogue журналына берген сұхбаты бойынша бұл жер танымал болған, күніне мыңдаған адам келіп көңіл көтерген. Ал Масктің өзі ойын-сауыққа аса қызығушылығы жоқ екен, болашақ технологиялық магнат бөлмесіне кіріп кетіп, видео ойындармен айналысқан.

The New Yorker журналының ақпараты бойынша, Маск Оңтүстік Африкадан Канадаға көшіп келген жылдары күніне бір-ақ доллармен күн көруге тура келген. Хот-дог пен апельсиннен өзге жерге азығы болмаған.

«Темір адам» фильмінің басты кейіпкері Тони Старк бейнесі Илон Маскқа қарап жасалған. Фильм 2008 жылы түсірілген болса да, оның режиссері Джон Фавро берген сұхбатында былай дейді, Роберт кіші-Дауни шын мәнінде Тони Старк қандай болғанын көру үшін Маскпен кездескен.

Бүгінде Tesla технология әлемінің інжу-маржаны саналады, ал бұл үнемі осылай болған жоқ еді. 2008 жылы компания жинаған қаражатын жоғалтқан үстіне жоғалты берді. Ал SpaceX зымыранын ұшыру ісі сәтсіз аяқталды. «Бұл менің өмірімдегі ең нашар жылдар болды» дейді Илонның өзі. Ол осы кездері отбасын асырау үшін несие алуға мәжбүр болған.

Ғылыми фантастика фанаты Маск SpaceX зымыранын Марсқа жіберу идеясын жәндіктерді ұшыру арқылы тапқан. Ол алғаш тышқан мен өсімдікті ғарышқа жіберу үшін есептен шығарылған кеңестік зымырандарды сатып алуды көздеген. Алайда ресейліктерден оның әрқайсысын 8 миллион долларға сатамыз деген хабар келген соң, Жоба құрдымға кетті деп ойлаған. Біраз уақыттан кейін ойлана келе, ғарышқа ұшыратын зымыранды өзім жасап шығарсам, арзанға түседі деген шешімге келген.

@. @assel_assanova