Қазақстандағы көлік саудасы бір жылда 40,4 пайызға төмендеді

Қазақстандағы көлік саудасы бір жылда 40,4 пайызға төмендеді
Фото: atn.ua

Қазақстандағы көлік саудасы бір жылда 40,4 пайызға төмендеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ай сайын 8 мың темір тұлпардан, бір жылда 97 мың көлік сатылған.

Қазақстандық автобизнеске кедендік одақ кері әсер етті. Рубльдің құлдырауын пайдаланған жұрт Ресейден көлік тасыды. Отандық автобизнесті қолау үшін өткен жылдың мамыр айында 16 миллиард теңге бөлінген еді. Аталған жеңілдік жыл соңында тағы жасалды. Яғни 11 миллиард теңге отандық автобизнесті сақтап қалу үшін тағы бөлінді.

Айта кетейік, осыған дейін Kolesa.kz сайтының сарапшылары Қазақстанның қолданыста болған автомобильдері нарығындағы белсенділіктің төмендегенін айтқан болатын. Өткен жылдың басында сайтта автомобильдің сатылатыны туралы жарнама саны жарты миллионға жуық болса, жыл соңына қарай ол 350-360 мыңға дейін азайған. Автомобиль сатылымының шарықтау шыңы ақпанда болыпты.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін