Оңтүстік Корея Volkswagen компаниясына 12,3 млн доллар айыппұл салды

Оңтүстік Корея Volkswagen компаниясына 12,3 млн доллар айыппұл салды
Фото: mashable.com

Оңтүстік Корея үкіметі Volkswagen компаниясына елдің экологиялық ережелерін қатаң  бұзғаны үшін 14,1 млрд вон (12,3 млн доллар) айыппұл салды.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бейсенбі күні жасаған хабарламасында бір айға созылған зерттеу жұмыстарының нәтижесі жарияланды. Енді компания 2009-2015 жылдар аралығында Кореяда сатылған Volkswagen және Audi маркалы 125 мың машинаны қайтарып, жаңа авто сатылымын тоқтатады.

Бұйрық көліктердің дизельді қозғалтқыштары бар Tiguan, Beetle, Q5, Q3 және A4 модельдеріне тікелей қатысты, − деп хабарлайды ТАСС.

Министрліктің хабарлауынша, алдағы уақытта Hyundai Motor, Kia Motors сынды басқа да көлік компанияларына зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Дереккөз: today 

С. Ерсін