- Негізгі бет
- Асыл сөз
- Тез қозғалсақ, жай...
Тез қозғалсақ, жай қартаямыз
Адам жасы ұлғайған сайын, өмірі өткен сайын қарттық туралы көп ойлайды. Біреулер қартайғысы келмейді, енді біреулер ретімен әдемі қартайған дұрыс дейді. Ал сіз қалай ойлайсыз?
Адам өмірге қызығушылығы мен шаттығын жоғалтқанда ғана қартаяды.
С.Хайек
Қартайып жатқаныңа қайғырудың қажеті жоқ. Осы күнге жете алмай кеткен қаншама адам бар екенін ойланыңыз.
К.Грант
Естеліктер – қартаюдың себебі. Үнемі жас болып қалу құпиясы – ештеңені есіңде сақтамау.
Э.Ремарк
Әйелдің қартаюы – өмірлік трагедия.
А.Кристи
Тез қозғалсақ, жай қартаямыз.
Дж.Грин
Қартайған қызық емес, бірақ ұзақ өмір сүрудің жалғыз жолы – осы.
Ф.Раневская
Қартаю – жердің тартылыс күшінің нәтижесі. Адам түзу тұрудан шаршайды.
Б.Болье
Өмір қартаюмен өтпеуі керек, оған қосымша ой да өсуі керек.
Ошо
Аяқ астынан қартайғанымды түсіндім: әдемі қызды көргенде философиялық ойлар келеді.
А.Подводный
Жаңа нәрселер үйреніп жүргенде қарттықтың азабынан қорықпай-ақ қоюға болады.
Х.Мураками
Мен қартаюдан қорықпаймын, тек сол шақта жалғыз қалмасам деймін.
Д.Троппер
Біз қартаймаймыз, тек пісіп жетілеміз.
П.Пикассо
Қартаймау үшін сәннен шығып, классикаға айналу қажет.
С.Крамар
Адамның үш шынайы жасы болады: жастық шақ, кемелдену кезеңі және «сайтан алғыр, қалай ғана қартайып кеттім?».
Стивен Кинг
Адам бір нәрсе жасай алмайтынын айтқаннан бастап қартаяды. «Қолымнан келмейді» дегенді айтты екен – бітті. Ол шынымен мұны істей алмайды. Ми ағзаға бұйрық береді, сол орындалады.
А.Маринина
@. @assel_assanova