Әлемнің үздік 100 ұлттық тағамы белгілі болды

TasteAtlas 2022 жылдың қорытындысын шығарып, әлемнің үздік 100 ұлттық тағамының рейтингін ұсынды. Тізім пайдаланушылардың орташа рейтингтері негізінде құрастырылған.

Бірінші орынды жапондық "Карри" тағамы иеленді. Бұл ет пен көкөніс қосылған қою ащы тұздық, әдетте күрішпен бірге беріледі.

Екінші орынды бразилиялық "Пиканья" стейкі иеленді. Бұл майлы еттен пісірілген стейк.

Үшінші орында майға малынған моллюскадан тұратын "Амейжоа а Буляу Пату" португал тағамы.

Алғашқы ондыққа қытайлық "Tангбао" және "Гуотие", тайлық "Пананг карри", перулік "Севиче миксто" және "Пойо а-ля Браса", иранның "Горме сабзи", түріктің "Кег" кәуабы кірді.

TasteAtlas рейтингіндегі 100 тағамның көпшілігі Италия тағамдары  – 15. Екінші орында Жапония –12, үшінші орында Түркия – 11.