Үндістан жігіті отбасына коронавирус жұқтырмау үшін 11 күн ағаш басында отырған

Үндістан жігіті отбасына коронавирус жұқтырмау үшін 11 күн ағаш басында отырған

18 жастағы үндістан азаматы Рамават Шива Найк жақындарына коронавирус жұқтырмау үшін 11 күн ағаш басында отырған.

The Print басылымының хабарлауынша, Теланганада тұратын студент ауруханалардан орын таба алмаған. Оның отбасы бір бөлмелі шағын үйде тұрғандықтан, жас жігіт жалғыз қауіпсіз орын ағаштың басы деп есептеген.

Ол ағаш басына бамбуктен ыңғайлы орын жасап алған. Жігіттің отбасы оған шелекпен су және тамақ беріп тұрған. Шива түнда далада серуендеп, күндіз ағаш басында телефонмен уақытын өткізген.

Коронавирус: Әлем. Үндістан. Қазақстан

Оқиға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін, Шиваға өз ауылының жанындағы жатақханадан карантин үшін орын берілді. Рамават енді карантиннің қалған бөлігін ыңғайлы жағдайда өткізе алады.

Шива өз ауылында отбасының қауіпсіздігі үшін осылай жасаған жалғыз адам емес дейді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқшаулануға мәжбүр болған кейбір адамдар мұны жуынатын бөлмеде немесе далада жасаған.

Қазіргі уақытта Үндістанда өте күрделі эпидемиологиялық жағдай жалғасып жатып. Соңғы апталарда елде күн сайын жүз мыңдаған жаңа науқастар тіркелді. Халықаралық көмекке қарамастан, елдегі ауруханаларда төсек-орын мен оттегі жетіспейді, ал вирустан қайтыс болғандардың денелері көшеде өртеніп, кейбір жағдайларда өзендерде ағып кетіп жатыр.

Т. Раушанұлы