Коронавирус: Әлем. Үндістан. Қазақстан

Коронавирус: Әлем. Үндістан. Қазақстан

Қазір әлемде коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып барады. Уақыт өткен сайын бұл ауру мутацияланып, оны түрлы штамы анықталып жатыр. 

ДДҰ: Үндістандағы жағдай кез келген елде қайталануы мүмкін

Италияның Рим-Фумичино қаласындағы Леонардо да Винчи атындағы халықаралық әуежайда мамандар зарарсыздандыру шараларын жүргізді. Бұл Үндістаннан Римге келген 23 жолаушыда коронавирус анықталғаннан кейін болды.

Тесттің оң нәтижелері бар саяхатшылар және олармен байланыста болғандар карантин үшін арнайы қонақүйге жіберілді.

Әзірге, вирус жұқтырған адамдар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДҰ) алаңдататын «үнді штамын" тасымалдаушы деген нақты ақпарат жоқ.

"Меніңше, Үндістандағы жағдайды кез келген жерде қайталанатынын түсіну керек. Бұл барлық елдер үшін күрделі проблема. Шектеудің жеңілдеуі, адамдардың топ боп жиналуы, коронавирус штамдарының артуы және вакциналар саны әлі де өте аз екенін ескерсек, бұл кез келген ел үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін жағдай", - деді Еуропадағы ДДҰ аймақтық директоры Ханс Клюге.

Үндістан

Өткен тәулікте тағы да бұл ел коронавирус жұқтыру бойынша рекорд орнатты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 401 993 адамға ауру диагнозы қойылған. Бір күнде 3523 науқас қайтыс болған.

Үндістан 22 сәуірде күнделікті коронавирус жұқтыру бойынша әлемдік рекорд орнатқан болатын. Дәл сол күні елде 314,8 мың коронавируспен ауырған науқас тіркелген. Содан кейін бұл сан өсіп отырды: 23 сәуірде 332,7 мың, 24 сәуірде 346,7 мың, 25 сәуірде 349,6 мың, 26 сәуірде 352,9 мың, 29 сәуірде 379,2 мың және 30 сәуірде 386,4 мың.

Үндістан коронавирус жұқтыру саны бойынша әлемде екінші орында. Елде 19,1 миллион ауру тіркеліп, 15,6 миллионнан астам адам емделген.  211 мың науқас қайтыс болған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Үндістанда 154 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинацияланған.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, өткен аптада бүкіл әлемде тіркелген 5,7 миллион жаңа жағдайдағы Үндістанның үлесі 38 пайызды құрайды.

Әлем

Джонс Хопкинс Университетінің мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 150 миллионға жуық, ал қайтыс болғандар саны – 3,1 миллион. Екі көрсеткіш бойынша да Америка Құрама Штаттары бұрынғыдай көш бастап тұр (ауырғандар саны – 32,2 млн, қайтыс болғандар саны – 574,3 мың). Алайда, ондағы жағдай Үндістанға қарағанда тұрақталған.

BBC-дің хабарлауынша, Вашингтон университетінің ғалымдары пандемияның үнді сценарийін модельдеп, оның шарықтау шегі мамыр айының ортасында болады деп болжаған.

Алайда, егер Үндістанда барлығы маска кие бастаса, онда қаза тапқандардың саны қазірге дейін төмендеуі мүмкін дейді зерттеушілер.

Пандемия басталғаннан бері бұл ереже елде ұсынымдық сипатта болды. Жақында миллиондаған адамдар қатысқан Кумбха Мела фестивалінде түсірілген фотосуреттер шарада маска кигендердің өте аз болғанын көрсетті.

Ғалымдар көптен бері әлемдік қауымдастықты Үндістанға көбірек көңіл бөлуге шақырады, өйткені онда болып жатқан оқиғалар барлық басқа елдерді алаңдатып отыр.

Ұлыбритания, Ирландия, Германия, Сингапур және Австралия Үндістанға гуманитарлық көмек жіберді. Оның ішінде респираторлар, IVL аппараттары, концентрацияланған оттегі қорлары және жеке қорғаныс құралдары бар.

Канада Үндістанға 10 миллион доллар көмек көрсетуге уәде берді, ал Сеул Делимен медициналық жабдықтар жеткізу туралы келіссөздер жүргізуде.

Ұлыбританиядан алғашқы гуманитарлық көмек өткен сейсенбіде Делиге жетті және Лондон мұндай көмекті әрі қарай жеткізуді көздейді.

"Бұрын Үндістан басқаларға көмектесетін, енді оған көмектесетін кез келді. Біз бұл шайқаста жеңіске жетеміз", - деді ханзада Чарльз. Бұл корольдік отбасы өкілінің Үндістандағы дағдарыс туралы алғашқы мәлімдемесі.

Қазақстан

Қазақстанда өткен тәулікте 2804 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 429, Алматы қаласы - 685, Шымкент қаласы - 117, Ақмола облысы - 146, Ақтөбе облысы - 140, Алматы облысы - 275, Атырау облысы - 88, Шығыс Қазақстан облысы - 94, Жамбыл облысы - 69, Батыс Қазақстан облысы - 157, Қарағанды облысы - 237, Қостанай облысы - 27, Қызылорда облысы - 44, Маңғыстау облысы - 58, Павлодар облысы - 176, Солтүстік Қазақстан облысы - 33, Түркістан облысы - 29.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 325 499.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді