Әлем Чемпионатында ең жылдам гол соғылды (видео)

Әлем Чемпионатында ең жылдам гол соғылды (видео)

АҚШ құрамасы Гананы 2:1 есебімен жеңіп, өз тобында екінші орынға көтерілді...

Әлем Чемпионатындағы ең жылдам гол соғылды. Кездесудің 1-минутында Клинт Демпси батыл қадаммен қарсыластың айып алаңына кіріп, допты алыс бұрышқа бағыттап үлгерді. Мығым шыққан соққы қақпа бағанасына тиіп кіріп, америкалықтар алға шықты. 

Арада он бес-жиырма минут өткен тұста АҚШ құрамасының шабуылшысы Джози Алтидор жарақат алып қалып, алаңды ерте тастап кетуге мәжбүр болды. 

Кристиан Атсу 29-минутта қақпаға жойқын соққы бағыттады. Бірақ, соққы қақпадан тыс кетті. Артынша америкалықтардың қақпашысы кезекті соққыны тосып алды. Бұл жолы Асамоа Гьян қақпаға тура соққы бағыттаған еді, бірақ Тим қақшып ала алды. Бірінші тайм осымен аяқталып, ойыншылар үзіліске кетті.

Екінші жарты бөлік қос құраманың орталық алаңда допқа таласынан басталды. 59-минутта Асамоа Гьян баспен соққы жасағанмен, онысы қақпа үстінен өтті. Артынша Тим Хвард керемет шапшаңдық танытты. Бұл жолы да Асамоа Гьян белсенділік танытып, ганалық қақпаның оң жақ бұрышына бағыттаған соққы қақпашының шеберлігімен қайтарылды.

64-минутта тағы да Асамоа Гьян қақпаға соққы бағыттады, бірақ, қорғаушылардың бірі дер кезінде аяғын тосып үлгерді.

82-минутта Андре Айю әріптесінен әдемі пас алып, қақпашымен бетпе-бет шығуға мүмкіндік алған-ды. Қақпашы бұл жолы қақпасын голдан құтқарып қала алмады. Есеп теңесті.

Ганалықтар осымен тоқтап қалмай, алға шығуға тырысып көрді. Сондай сәттердің бірінде америкалықтар бұрыштама добын орындайтын болды. Ойынның 86-минуты еді. Джон Брукс әуелеп келген допты қақпа ортасына құйтұрқы түрде жұмсап, командасын қайта алға шығарды. Есеп: 2:1.

Бұдан кейін ганалықтар тайлы-тұяғымен қалмай шабуылға шыққанмен, істен ешбір мән шықпады. Екінші рет есепті теңестіруге уақыт аздық етті. 

Гана - АҚШ - 1:2

АҚШ: Тим Хорвард, Майкл Брэдли, Мэтт Беслер, Дамаркус Бизли, Клинт Демпси, Алехандро Бедойя, Джермейн Джонс, Кайл Бекерман, Джози Алтидор, Джефф Кэмерон, Фабиан Джонсон.

Бас бапкер – Юрген Клинсманн

Гана: Адам Квараси, Асамоа Гьян, Даниэль Опаре, Кристиан Атсу, Андре Айю, Салли Мунтари, Джордан Айю, Мохаммед Рабиу, Джонатан Менса, Квадво Асамоа, Джон Бойе.

Бас бапкер – Квеси Аппиа

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: allsport-news.com

О. Сансызбай