Ана туралы үздік әндер

Ана туралы  үздік әндер
Фото: vk.com

Дүниеде кім ардақты деп сұрасаңыз қай адам болмасын ең бірінші "ана" деп жауап берері хақ. Ана – тіршіліктің негізі. Ана – жүрек жылуын сыйлайтын ең аяулы жан. Ана туралы қазақша лирикалық әндерді тыңдай отырыңыздар!

Мейрамбек Бесбаев: "Аяулы анашым"

1. Жүректiң жалынысың,
Мәңгiлiк сағынышым,
Қарызым өтелер ме
Ұйқысыз таңың үшiн
Аяулы анашым.

Қайырмасы:

Аяулы айбыным,
Арайлы ай-күнiм,
Бақытым, байлығым,
Анашым. 

2. Өмірдiң сынақ бәрi,
Әлдиің құлақта әлi,
Қабыл ал арман әнiн
Балаңның жырақтағы
Аяулы анашым.

Қайырмасы:

Аяулы айбыным,
Арайлы ай-күнiм,
Бақытым, байлығым,
Анашым. 


Төреғали Төреәлі – "Анашым"

Тербейтін әлемді, 
Бесік жыр әні еді. 
Ақ жаулық, ақ самай, ақ көңіл, 
Аналар неткен әдемі. 

Қайырмасы: 

Мен үшін анашым, 
Ең биік тұлғасың. 
Бұл өмір баласын, 
Анасыз қылмасын. 
Ғұмырың болсын бір ғасыр.

Жүзіңнен нұр тұнған. 
Барша әлем құлпырған, 
Құлыным құлдығым деуменен. 
Жолымда болдың мың құрбан, 
Бақдәулет-бірлігім. 
Тектілік түндігім, 
Ана деп бас иген біз түгіл. 
Әлемнің алты құрлығы... 

Қайырмасы: 

Мен үшін анашым, 
Ең биік тұлғасың. 
Бұл өмір баласын, 
Анасыз қылмасын. 
Ғұмырың болсын бір ғасыр.

Жебе тобы – "Аяулы анашым"

1. Сәулеңді шашып, өмірге ғашық 
Мейірімді данасың. 
Кетсем де өсіп, отырдың тосып 
Аяулы анашым. 

Бұлақ та болып, шырақ та болып 
Кеудеме тамасың. 
Жаралған нұрдан, анамсың арман 
Аяулы анашым.

Қайырмасы: 

Түсіңде көріп, ұйқыңды бөліп 
ойлаумен өтерсің. 
ЖабыҚсам сені іздеймін, 
Қуансам сені іздеймін 
Үмітің серік, қалар деп келіп 
жолымды тосасың, 
Аяулы анашым.

2. Сағынып жеткен, жаныңда көктем, 
аңсарым ғанасың. 
Өтемін сүйіп, бәрінен биік, 
Аяулы анашым. 

Жүрсең де қайда, жүресің ойда 
Сағынтып жетемін. 
Сөзіңді дана, өзіңді ғана 
аялап өтемін. 

Қайырмасы: 

Түсіңде көріп, ұйқыңды бөліп, 
ойлаумен өтерсің. 
Жабықсам сені іздеймін, 
Қуансам сені іздеймін. 
Үмітің серік, қалар деп келіп 
жолымды тосасың, 
Аяулы анашым.

Төреғали Төреәлі – "Анашым-ай"

1. Өмір сыйладын мәпеледің, 
Ұл-қызыңды жетеледің, 
Мақсатыңа көздеген.
Жылы сөздерің жүрегімде,
Өзің барда бұл өмірде, 
Жалын биік өзгеден. 

Қайырмасы: 

Анашым-ай, 
Көктегі күндей, көктемгі гүлдей, 
Нұрын сепкен жаныма, жанашыр-ай.
Сағындым сені, бағымның шегі,
Ақ сүт берген анашым-ай.

2. Құлыным менің құлама деп, 
Құласаң да жылама деп, 
Бақыт тілер, Аяулым. 
Өзіңсіз ана, көңіл шықпас, 
Көп ішінде үнім шықпас, 
Ат үстінде жаяумын. 

Қайырмасы: 

Анашым-ай,
Көктегі күндей, көктемгі гүлдей, 
Нұрын сепкен жаныма, жанашыр-ай. 
Сағындым сені, бағымның шегі,
Ақ сүт берген анашым-ай.

Жазира Байырбекова – "Анашым"

1. Анашым жаныңмен сен бізге саясың,
Біз үшін Тәңірге алақан жаясың.
Алладан тілерім сәулесін шырағыңның
Сұрайсың үнемі бақытын ұланыңның. 

Қайырмасы: 

Аяулы анашым-ай, мейірбан данасың-ай,
Мәңгілік жанашырым бір өзің ғанасың-ай.
Жаратқан аналардың ғұмырын баянды етші,
Өсірген ұрпағының алдында аяулы етші. 

2. Мың алғыс көз ілмей атырған таң үшін,
Бесікпен қосыла тербеген ән үшін.
Күлімдеп тұрғаны бақыт қой жанарыңның,
Жерұйық жұмағы астында табаныңның. 

Қайырмасы: 

Аяулы анашым-ай, мейірбан данасың-ай,
Мәңгілік жанашырым бір өзің ғанасың-ай.
Жаратқан аналардың ғұмырын баянды етші,
Өсірген ұрпағының алдында аяулы етші.


Ж. Жұмағұлов