8 наурыз. Ана туралы әндер жинағы

8 наурыз. Ана туралы әндер жинағы

Сырым Исабаев - Анашым

Ағарған сенің шашыңа қарап уайымдаймын күнде мен,
Жастық бар жерде қартаю барын, мен, осы неге білмегем?
Немерелерің арқаңда бәрі, қарамай белге бүгілген
Бақыт деген балада екенін түсіндім, ана, бүгін мен.

Қайырмасы:
Тұрса да дауыл майыса көрме, ұсташы тіктеп бойыңды,
Анашым, сенің көргім келеді жүз жасқа келген тойыңды.
Ақ тілектерді қабыл ет, Алла, қабыл ет, Алла, ойымды,
Анашым, сенің көргім келеді жүз жасқа келген тойыңды.

Құттықтап, ана, туған күніңмен жиналды бүкіл ұрпағың,
Қуанышыңнан ұмытып кеткен жазылып кетсін сырқатың.
Ақтауға жүрміз ақ сүттеріңді кешігіп кетсек кейде тым,
Аналар, бәрің аман жүріңдер, бейнетін көріп, зейнетін.

Қайырмасы:

Мейрамбек Бесбаев – Анашым

Жүректің жалынысың
Мәңгілік сағынышым.
Қарызым өтелер ме,
Ұйқысыз таңың үшін?
Аяулы, анашым.

Қайырмасы:
Аяулы айбыным,
Арайлы ай-күнім
Бақытым, байлығым
Анашым...

Өмірдің сынақтарын
Әлдиің құлақта әлі
Қабыл ал арман әнін
Балаңның жырақтағы
Аяулы, анашым.

Қайырмасы:

Гүлнұр Оразымбетова – Анашым, туған күніңмен

Сыйлап өмір жарығын
Балапаныңдай баулыдың
Сәбиіңе арнадың
Өміріңнің барлығын
Тербетейін жырыммен
Қуантайын гүліммен
Аман болшы мәңгілік
Анашым, туған күніңмен

Қайырмасы:
Ақ түсіпті-ау шашыңа
Өмір заңы осы ма?
Жас қосылып жасыңа
Жүрші мәңгі жанымда
Балаларың қасыңда.

Айналайын ақ анам,
Құшағың кең аспаннан
Алдыңда таулар аласа
Биікпін деп мақтанған
Алақаның ақ мамық
Өзіңмен әлем жап-жарық
Анашым жүрсең жанымда
Бақытты болар балаларың. 

Қайырмасы:

Арай тобы - Анашым

Жалғандағы жанашырым
Жалғыз сен ғанасың.
Жаны жайсаң жан асылым
Жайдарлы анашым.
Қамын ойлап баласының
Күлкісіз күндер өтті,
Ұйқысыз түндер өтті.
Білдік пе соның бағасын...

Қайырмасы:

Мама, мынау жарық жалғанда
Мама, сенен асыл жан бар ма?
Мама, сенен әсем ән бар ма?
Дарасың - анашым,
Мама, мынау жарық жалғанда
Мама, сенен асыл жан бар ма?
Мама, сенен әсем ән бар ма?
Жан анашым...

Күннен ыстық алақаның
Жылытты жанымды.
Алыстағы балапаның
Иісіңді сағынды.
Ақыл айтсаң жат түсініп,
Жүрекке дақ түсіріп,
Самайға ақ түсіріп,
Ауыртсам кешір жаныңды...

Қайырмасы:

Мама, осынау бір ғаламда
Мама, сендей жанды табам ба?
Мама, жас алмашы жанарға
Мама, мәпелеп мені өсірген
Мама, нәрін емдім төсіңнің
Мама, бар кінәмді кешірдің сен.

Қайырмасы:

Дильназ Ахмадиева - Анашым

Айналайын, анашым, бар ма сендей жан асыл?
Жарқыраған жұлдыз боп, жан асыл, анам
Айналайын, анашым, данышпансың, данасың
Ақылыңды сыйладық бар асыл.

Қайырмасы:
Мама, ардағымсың, арманымсың, мама
Асқарымсың, аспанымсың, мама,
Мөлдірімсің сен, гүлімсің
Жаным, мама, ардағымсың, арманымсың, мама
Асқарымсың, аспанымсың, мама,
Мөлдірімсің сен.

Аялаған баласын мейірбанды анасы
Қашан, қайда жүрсем де – панасың, жаным.
Алтын анам арымсың, арайланған таңымсың
Шырқап салар мәңгілік әнімсің.

Қайырмасы:

Жігіттер тобы – Кешір, ана

Еркелеп өстік, бала да болдық
Қуалап ойын далада қондық
Ананың сөзін құлаққа ілмей
Кей кезде көсем, дана да болдық.

Есейдік енді аптықты беріп
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп
Қуансам деймін өзіңмен бірге
Ырысы менен бақ-құтты бөліп
(Кешір, ана)


Піспеген әлі шала шығармын
Үйретті ме екен нағашыларым
Балалық та бар, қателік те бар
Кешіре көрші анашым бәрін.

Есейдік енді аптықты беріп
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп
Қуансам деймін өзіңмен бірге
Ырысы менен бақ-құтты бөліп
(Кешір, ана)


Тағдырын білем қояды сұрақ
Жаппасын қатты есігін бірақ
Басымды иіп отырмын мұңды
Барлығы үшін кешірім сұрап.

Есейдік енді аптықты беріп
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп
Қуансам деймін өзіңмен бірге
Ырысы менен бақ-құтты бөліп
(Кешір, ана)

Қанат Үмбетов – Жан анашым

Жалғандағы сенсің ғой, жанашырым
Бәлкім мен көздеріңнің қарасымын
Ақ жүректі аяулы ардағым-ай
Мен өзіңе арнадым ән асылын.

Ұрпағыңмен өмірін тәтті ме екен?
Үмітіңнің шырағын жақты ма екен?
Жырақ кетсем төрт бөліп түн ұйқыңды
Алаң болып әр таңың атты ма екен?

Қайырмасы:
Анашым, бақ тілеп балаңа шын
Тәңірден сұранасың
Қайтсем сен қуанасың, жан анашым
Жүзіңнен нұр сөнбейтін
Шуағым бір сен деймін
Жүз жасап жүрсең деймін, жан анашым

Жолдар жылжып, жабуда парақтарын
Риза бол анашым, жәннат бағым
Мен өзіңді қимадым немереңе
Қызығын көрсетсінші жаратқаным.

Қайырмасы.

Тақырып бойынша:

Қазақ композиторларының ана туралы әндері

A. Mustafina