- Негізгі бет
- Әлемтану
- Илон Маск сотта...
Илон Маск сотта жеңді: Айыптау Тайландтағы балаларды құтқару кезінде басталған
Жала жапты деп айыпталған Илон Маск сотта жеңіске жетті. Қазылар алқасы британдық дайвер Вернон Ансворттың 190 миллиондық арызын қанағаттандырмады.
“Адамзат алдындағы сенімім қайта оралды”, - деп жазды 48 жастағы миллиардер.
Маск сотта дайверге айтқан сөздерін басқаша түсінбеулерін өтінді.
“Pedo Guy” сөзі мен өскен Оңтүстік Африкада кең таралған сөз. Бұл сөз “алжыған шал” деген мағынаны білдіреді”, - деді Илон Маск.
Сотта Маск Ансворттан кешірім сұрады.
Оқи отырыңыз: Тайландтағы үңгірде қалып қойған жас футболшылардың хаттары жарияланды
Оқиға қалай басталған еді?
Бұл жағдай 2018 жылдың жазында басталған еді. Сол кезде дайвер мен Илон Тайландтағы үңгірде 12 күн қалып кеткен балалар мен олардың бапкерін құтқару үшін өз ұсыныстарын айтқан.
Масктың құрылғысы
2018 жылы 8 маусым күні "SpaceX" инженерлері "Falcon 9" ғарыш кемесіне орнатылуы керек болған үлкен күміс металлды пайдаланып, кіші өлшемді суасты қайығын жасап шықты. Оны екі сүңгуірші көтеріп жүретіндей, ішіне оттегі жіберетіндей және тар үңгір жолына қолайлап шағын етіп жасады. Осыдан соң Илон Лос-Анжелестегі бассейнде кіші суасты қайығын сынақтан өткізеді. 10 маусым күні Маск Тайландқа келіп, әлем БАҚ өкілдерін шулатқан атақты үңгірге барды. Ол өзімен бірге балалардың құрметіне қойылған "Орман қабандары" суасты қайығын алып келді. Бірақ, Тайланд үкіметі рұқсат еткенімен сүңгуірлер оны пайдалануды қаламады.
Сол кезде дайвер Ансворт миллиардердің бұл әрекетін “пиар” деп атады. Оған жауап ретінде Маск твиттер әлеуметтік желісінде Ансвортты “pedo guy” деп атады. Кейін ол бұл сөзі үшін кешірім сұрап, жазбасын өшіріп тастады.
Дайвер миллардерді жала жапты деп айыптап, 190 миллион айыппұлын өндіру үшін сотқа жүгінген. Маск сот кезінде өзінде мұндай ақша жоқ екендігін, қолма қол ақшасы өте аз екендігін айтқан.
“Адамдар мені бай деп ойлайды, ал менің ақшам көп емес”, - деді Tesla мен SpaceX компаниясының басшысы.
Forbes журналының жазуынша, Масктың 99 пайыз байлығы Tesla мен SpaceX компаниясының акциялары. Егер 190 миллион доллар айыппұл төлейтін болғанда, Маск акцияларының бір бөлігін сатып немесе қарыз алатын еді.
Оқи отырыңыз: Тайландтағы балалар қалай құтқарылды?
Айта кетейік, 2018 жылы 23 маусымда Тайландтағы үңгірлердің біріне саяхаттап барған бір футбол командасы мен оның бапкері оқыстан толассыз жауған жаңбырдан үңгір жолы суға толып, 4 шақырымдық үңгір ішінде қалып қойған еді. Алғашында Тайланд үкіметі балаларды 4 ай бойы үңгір ішінде қалдырмақшы болды. Себебі 4 шақырымдық су асты жолына ең тәжірибелі дайвердің өзі 6 сағатын жұмсайды. Осындай қиын жолда сүңгуірлердің бірі Саман Кунан балаларға азық-түлік пен оттегі апарып беріп қайтып келе жатып өзіне оттегі жетпей қалып қайтыс болды.
Бірақ судың көтерілуіне байланысты дайверлер балаларды алып шығуды жоспарлады. Үңгір маңындағы ата-аналар рұқсатын алғаннан кейін, сүңгуірлер балаларға қарай жолға шықты. Бірінші күн 4 жасөспірім құтқарылды. Алғашқыда дені сау, физикалық жағынан күшті, жасы үлкендері таңдап алынды. Себебі 4 шақырым, 6 сағаттық жолға олардың шыдауына құтқарушылардың өздерінің де күмәні бар-тын. Бірінші операция сәтті өткесін, келесі күні тағы 4 бала құтқарылды. Соңғы күн яғни кеше қалған 5 адамды құтқарушылар сыртқа алып шықты. Илон Маск сүңгуірлердің ержүректігін тілге тиек етті. Олардың қаһармандарша әрекет еткеніне таңданғанын да жасырмады.
Бұл туралы толық “Тайландтағы балалар қалай құтқарылды?” атты мақаламыздан оқи аласыздар.
Т. Раушанұлы