Илон Маск Тайландтағы үңгірде қалып қойған балаларға көмегін ұсынды

Илон Маск Тайландтағы үңгірде қалып қойған балаларға көмегін ұсынды
Фото: ria.ru

Илон Маск Тайланд үкіметіне үңгірде қалып кеткен жас футболшылар мен оның бапкеріне көмек қолын созуға дайын екенін мәлімдеді. Хабарларға қарағанда осы мәселе бойынша келіссөздер жүргізілуде, бірақ Тайланд басшылығы қандай шешім қабылдағаны белгісіз. 

Масктың "Space Exploration Technologies Corp". компаниясы навигация құрылғыларын қолданып жасөспірімдердің үңгірдегі дәл орнын анықтауға көмектесе алады. Сонымен бірге "Boring Co". компаниясының су тартушы тізімдерін "Tesla Powerwalls" аккумуляторлары арқылы қуаттап, қайту жолын судан тазартуға болады. 

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының соңында балалар футбол командасы бапкерімен бірге мемлекеттің шығысындағы Кхао-Луанг үңгірінде жоғалып кеткен. Іздестіру барысында белгілі болғандай саяхатшылар күшті жаңбыр жауып соның салдарынан шығар есіктер су астында қалғаны себепті үңгірден шыға алмағаны белгілі болған. 

Құтқарушылар балалар тірі екенін анықтағанмен олар тек 4 айдан соң, су тартылғасын барып үңгірден шыға алады деп отыр. Қазіргі күнде құтқару істері жүргізіліп жатыр.

Т. Раушанұлы