Тайвань елінің тағам түрлері

Тайвань елінің тағам түрлері

Тайваньдықтар уақыттарын жақсы бағалағандықтан үй жағдайында әзірленетін тағамдарды өте сирек дайындайды. Олардың көзқарастары бойынша мейрамханада дайындалатын тағамдар өз бетінше әзірленетіндерден гөрі анағұрлым арзан және дәмдірек болады екен. Көше аймағы, мейрамхана, найтмаркет секілді сауда орталықтарында барлық сіз қалаған ас түрлері бар.

Сонымен Тайвань жұртының  деликатес саналатын тағам түрлерін көрелік:

 

Бұл тайваньдықтардың ұлттық таңғы асы. Олар: соялық сүт, жуа мен жұмыртқасы бар құмайша, қуырылған шошқа еті мен «фан Туан» тағамы. Бұл таңғы асты олар небары 7-8 долларға сатып алып жейді.

 

Келесі тағам «Oh-Ah-Jian» деп аталатын көкөністі, тәтті тұздық қосылған  устрицалы омлет. Омлетті барлық асхана орындарында шамамен 2 долларға сатып алуға болады.

Гуа Бао – ақ түсті жұмсақ тоқаш нан. Тоқаштың ішінде саналуан нәрселер қосады. Бағасы: 2-3 доллар.

Тайваньның түнгі нарықтық бағасы өте арзан. Сол үшін тағамдары көбіне жеңіл тамақтар. Түнгі тағамдарынның бірден бір айтулы тағамы – құс етінен жасалған шұжық. Бұл шикі сарымсақпен бірге сатылады.

Стрит фуд тағамдарының ішіне қуырылған қытырлақ тофу кіреді. Ол мұздай ашытылған орамжапырақпен бірге беріледі. Тофудың әр бөлігі дәмді соуспен себілген.

«Oh-ah-mee-swa» устрицалы және егістік кориандр қосылған күріш кеспе сорпасы. Дәмі қышқылтым, алайда ұнамды. Тағамның бір бөлігі 1-3 доллардан аспайды.

 

 Тайбэйде орналасқан «Ice Monster» мейрамханасы Боба шайын мұз және сүтпен бірге сатады. Қосымша тағы бадам шиесі бар тофу мен карамельді тұздық береді.

Мейрамхананың ең бір мақтаныш ететін тағамы – манго мұзы.

«Mister donut» тағамдық бірлестігі дайындайтын мына бір бәліш бір қарағанда дәмсіз болып көрінеді. Алайда дәм татушылар аз емес.

Бобе шайы – сүт қосылған інжу шай. Шай Тайвань елінде пайда болып, қазірде Азияда кеңінен танымал. Оның дәміне келетін болсақ, онда ол толығымен сүтті еске түсіреді.

 Оқы отырыңыз:

Әр мемлекеттегі адамдардың бір күндік асы

Тура 76 жыл бұрын ерігіш кофе ойлап табылды

Пицца түрлері: неаполитандық, сицилия, Нью-Йорк

Барыстар тобы «Көлсай көлдері» саябағында камераға түсіп қалды

Арнайы репортаж. Алматыдағы "Романтикалық трамвай" туралы білесіз бе?

 

Дайындаған: Жұлдыз Телемісова

Сурет: www.yaplakal.com,mixstuff.ru

Н. Нұрмаханұлы