Барыстар тобы «Көлсай көлдері» саябағында камераға түсіп қалды

Барыстар тобы «Көлсай көлдері» саябағында камераға түсіп қалды

«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи саябағының аумағына қойылған автоматтандырылған фотоаппараттар тұңғыш рет қар қабыландарын түсіріп алды. Бұл туралы inform.kz Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз бөліміне сілтеме бере отырып хабарлады.

Үш барыс теңіз бетінен 2600 биіктіктегі Кіші Өрікті шатқалының қорықтық аумағында  түсірілген. Камера обьективіне ұрғашы барыс пен оның екі күшігі түсіп қалған.

Бұдан басқа, автоаматтандырылған қондырғы Тянь-Шанский тауында мекендейтін қара аю, сілеусін және барыстар аулап жейтін таутеке, марал, елік, қабан, қояндарды да түсірген.

Қар қабыландарының іздері Ұлттық саябақтың басқа да шатқалдарында кездескен, сондықтан да олардың санын территориялық өрістерін бақылауға арналған фотоаулау ұйымдастырылған екен.

Бұл зерттеу «Көлсай көлдері» Ұлттық табиғи саябағы мен Білім және ғылым министрлігінің Зоология институтының ғылыми серіктестігі аясында өтіп отыр.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: radiotochka.kz, inform.kz

А. Құлтай