Шоколад үшін талас

Шоколад үшін талас
Фото: vk.com

Франция супермаркеттерінде нағыз талас-тартыстар орын алды. Оған себеп – "Нутелла" шоколадына қойылған жеңілдіктер. Оның 950 грамм құтысының құны 4,7 еуродан 1,41 еуроға дейін жеңілдетілген. Париждіктер сауда үйлерінің алдында ұзын сонар кезекте тұрды.

Дүкендердің бірінде орын алған талас видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Бұл жағдайды шешу үшін полиция да шақырылған екен. Бір қызығы, шоколадты шығарушы Ferrero компаниясы бұл жеңілдіктерге еш қатысы жоғын хабарлады. Шара супермаркеттер желісінің әкімшілігі ұйымдастыруымен өткен. Сенбіге дейін жалғасу керек болған акция тауардың бір күнде бітіп қалуына байланысты тоқтатылған. 

А. Оралқызы