2 жасар ханшайымның суреттері елді сүйсіндірді

2 жасар ханшайымның суреттері елді сүйсіндірді
Фото: vk.com

Ұлыбритания тағының мұрагері ханзада Уильям мен оның жұбайы Кембридж герцогинясы Кейт Миддлтонның 2 жасар қызы мектеп табалдырығын аттады. Бала өміріндегі маңызды қадамды атап өту мақсатында Букингем сарайы Шарлоттаның 2 фотосуретін жариялады.

Дәл өзі секілді кішкене ғана сүйкімді қызыл пальто киген ханшайым Уилкокс бастауыш мектебінің баспалдағында отыр. Әлеуметтік желіде таралған суретке барша әлем жұртшылығы жылы лебіздерін қалдырып жатыр. Ұзынқұлақтың айтуынша, суреттерді герцогиняның өзі түсірген екен.

Естеріңізге сала кетейік, Шарлотта  - Елизавета II патшайымның шөбересі, Чарльз ханзада мен леди Диананың немересі. 

А. Оралқызы