NASA ғаламшарлар плейлисін жасады
![NASA ғаламшарлар плейлисін жасады](/userdata/news/news_48885/image_l.jpg)
Ғарыштық NASA агенттігі ғарыштық дыбыстарды біріктірген ғаламшарлар плейлисін жасады. 22 "тректен" тұратын топтама SoundCloud қосымшасы арқылы жүктеледі.
Аталған музыка топтамасындағы аудиофайлдар ғаламның түкпір-түкпірінде жүргізілген ғарыштық сапарлар кезінде жазылған. Онда Сатурн, Юпитер ғаламшарлары мен өзге де ірілі-ұсақты кометаларда шығатын дыбыстар бар.
"Бұл музыкалық жазбалар сізді бейжай қалдырмасына сенімдіміз", - дейді NASA өкілдері.
А. Оралқызы