- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- 2100 жылы әлемдегі...
2100 жылы әлемдегі халық саны 11 миллиардтан асады
Жер тұрғындарының саны 2050 жылға дейін 9,7 миллиардқа жетеді. Ал XXII ғасырдың басынды жалпы халық саны 11,2 миллиард адам болады. Мұндай болжамдарды БҰҰ демография бөлімінің басшысы Джон Уилмот (John R. Wilmoth) хабарлады.
БҰҰ сарапшыларының пікірінше, Сахара шөлінің оңтүстігіндегі Африка елдерінде туу көрсеткіші тұрақталған кезде Жер халқының өсуі біршама тоқтайды. Себебі, жыл өткен сайын африкалықтардың туу көрсеткіші 23%-ға өсіп келеді. Бүгінде Африка халқы 1,2 миллиард адам болса, 2100 жылға қарай 5,6 миллиардқа жетуі мүмкін.
Соның өзінде де, Азия халқы ең тығыз орналасқан құрлық болып қала береді. XXI ғасырдың ортасына дейін Азия халқы 5,3 миллиардқа жетеді. Сосын туу көрсеткішін қайта тұрақтандыру үдерісінен кейін тұрғын саны 4,9 миллиардқа дейін төмендеуі тиіс.
БҰҰ есебінде еңбекке икемді азаматтардың (ПҚК) (20-64 жас аралығы) зейнеткерлерге (65 жастан жоғары) қатынасының мөлшері де ескерілген. Бүгінде ең төмен ПҚК көрсеткіші Жапония (2,1) мен Италияда (2,6) тіркелген. Ал 2100 жылы ПҚК бүкіл әлемде төмендейді. Мысалы, Қытайда 7,1-ден 1,4-ке, ал Мексикада 8,7-ден 1,4-ке дейін азаяды.
Ж. Өрісбай