- Негізгі бет
- Денсаулық
- Шырынның пайдасы шаш...
Шырынның пайдасы шаш етектен
Қыс мезгілі – иммунитетіміздің төмендеп, ағзамыздың дәрумендерді қажет ететін уақыты. Сол себепті үй жағдайында қолыңыздан келетін бір шырынды болсын жасап ішіңіз. Бұл өз денсаулығыңыз үшін жасалатын пайдалы істердің бірі болмақ. Назарларыңызға қолдан жасалатын шырындардың пайдасы мен ескеретін тұстарын ұсынамыз.
Сәбіз шырыны
Зерттеушілер сәбіз шырынын шырындардың патшасы деп бағалайды. 1 стақан сәбіз шырынының құрамында В дәруменінің барлық түрі мен бета-каротин кездеседі. Бұл шырынды ішкендердің терісі жасарып, иммунитеті көтеріледі. Мамандар денсаулығында ақауы бар адамдарға күнде таңертең осы шырынды ішуге кеңес береді. Алайда асқазаны ауыратындар мен асқазан жарасы барларға бұл шырынды ішуге мүлде болмайды.
Бұл шырын асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады және рак ауруының алдын алады. Төмен калориялы бұл сусын арықтауды армандап жүргендер мен жүкті келіншектерге өте пайдалы. Таңертең ашқарынға ішкен қызанақ шырыны тәбетіңізді ашып, ішектегі қышқылды жояды. Сондықтан да тамақтанудан 20-30 минут бұрын ішуге кеңес береміз. Бұл шырынға майдаланған сарымсақты, аскөкті, кинзаны қоссаңыз иммунитетіңізді көтереді. Ескеретін бір жайт, асқазанында гастрит, жара болса немесе холецистит өз деңгейінен көтеріліп кетсе, бұл шырынды ішуге болмайды.
Темірге, кальцийге, магний мен калийге бай асқабақ шырыны ішектерді тазалайды. Құрамында В1, С және Е дәрумені бар бұл шырынды іш қату кезінде ішсеңіз көмегі орасан зор. Сонымен қатар ішектегі құрттан да арылтатын қасиеті бар. Асқабақ қант диабетімен ауыратындарға және асқазаны дұрыс жұмыс істемейтіндерге, іш ауруларына жиі шалдығантындарға шырынды аздап ішкен дұрыс.
Жүзім шырыны
Жүзім шырыны калий мен қантқа өте бай. Бұл шырынды үзбей ішетіндер әлсіздікті сезінбейді әрі жүйке жүйесі тыныш болады. Қара, қызыл жүзім жүрек жұмысын жақсартады. Сонымен қатар бұл шырын есеп жолдарын жазып, қақырықты түсіреді. Есіңізде болсын ағзасында қышқылы көп және қант диабетімен ауыратындарға, ұйқысыздыққа шалдыққандарға шырынды ішуге болмайды.
Цитрусты жемістердің шырыны
Бұл шырын – қан қысымы жоғары және жүрек-қан тамырлары жүйесі ауыратындарға таптырмайтын дәру. Құрамы фолий қышқылы мен калийге және С, Р дәруменіне бай бұл шырын жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, шаршағанды басады. Күніне 1 стақан апельсин шырынын ішкен адам рак ауруына шалдықпайды. Алайда денсаулығының асқазан мен ұйқы безінде кінәрәті бар жандарға және ішек жолдары бұзылғандарға өте зиян.
Анар шырыны асқазан жұмысын реттейді әрі несеп жолдарының суықтағанына да ем. Сонымен қатар бұл шырын тәбетті ашып, гемоглобинді көтереді. Мамандар қызылша мен сәбіз шырынын араластырып ішуге кеңес береді. Ал анар шырынына аздап су қосып ішпесеңіз, ағзаңызда қышқылды көбейтіп жіберуі мүмкін және тіс эмалін кетіру қаупі бар. Шырынды асқазаны мен ұйқы безі ауыратындар шектеп ішкені жөн.
Алма шырыны
Алма шырынын бүйрегі, қуығы, несеп жолдары мен атеросклерозбен (жүрек-қан тамырлары ауруы) ауыратындар үздіксіз ішіп отыруы керек. Сонымен қатар бұл шырын ішек жұмысын қалыпқа келтіріп, ағзадағы қышқыл мен қантты реттейді. Баршаңыз білетіндей алма құрамы Р және С дәрумендері мен кальцийге, темір, мыс, калий, кобальт, никель мен мырышқа өте бай.
Н. Үсенова