Шырынның пайдасы мен зияны

Шырынның пайдасы мен зияны

Шырын – бұл балалар да, ересектер де жақсы көретін жеміс, не көкөністің суы. Шырынның түсі де, дәмі де әртүрлі болады, пайдалысы да бар, пайдасызы да. Осы жайында адамдар арасында көптеген қауесет жүр. Аңыз бен ақиқатты таразылап көрейік.

Балалар үшін күніне бір стақан шырын жеткілікті.

Шынымен, балалар үшін күніне бір стақан шырын ішу жеткілікті. Көптеген ата-аналар балаларына «Көбірек шырын іш, дәу боласың» деп қинап, қателеседі. Американдық зерттеушілердің пайымынша, күніне 2-3 стақан шырын ішетін балалар өз құрдастарынан толық әрі бойлары аласа болады. Және бұған түсініктеме де бар екен.

Шырын құрамында ағзаға жақсы сіңетін қант мөлшері көп. Сондықтан аз қимылдайтын балалардың толуына септігін тигізеді. Сонымен қатар көп кезде шырын басқа да сұйықтықтардың орнын басып кетеді, мысалы сүттің. Ал сүт баланың өсуіне ықпал ететін өнім. Алайда ағзасы тез дамып, өсетін балаларға 2 стақан да артық етпейді. Жалпы, бұл сұрақ көп талқылауды қажет етеді.

Нектар – бұл нағыз шырын

Көптеген адамдар нектарды таза химия деп есептеп, жаңылысады. Негізінде олай емес. Ол нағыз шырын, тек жемістердің жұмсағымен араласқан. Нектардың неге әдеттегі шырыннан айырмашылығы бар? Өйткені, кейбір жемістердің суын шығару оңай емес. Сол себепті өзіндік пюре қалыптасады. Мұндай «кашаны» ішу қиын. Сондықтан оны таза артезиан суымен араластырады.

Араласқан жеміс шырындары: пайдалы ма, жоқ па?

Оларды басқаша мультижеміс деп те атайды. Егер осы тақырыпты талқылауға салсақ, екі жақ та дұрыс болып шығады. Бірақ ағзаңыз шырынның құрамына енген барлық жемістер мен шырындарды жақсы қабылдайтынына көз жеткізіп алыңыз. Әйтпегенде аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін.

Бірақ бір жағынан, шырынның бірнеше түрін араластыру тіпті пайдалы да, өйткені қышқылы аз- және көп шырындарды алмастыру пайдалы заттардың оптималды консистенциясын береді.

Сығылған шырын пайдалы ма?

Бұл да талас тудырарлық сұрақ. Жаңа ғана табиғи таза жемістен сығылып әкелінген шырын, әлбетте, пайдалы. Демек, балаларға барлық ережелерге сай консервіленген шырындар мен нектарлар жарайды. Бірақ бір жағынан, жемісті сыққанша оны жей салған да дұрыс. Бұл тіске де пайдалы.

Табиғи таза шырындар ішіп жүріңіздер!

Суреттер: hnb.com.ua, sokovod.org.ua

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina