- Негізгі бет
- Денсаулық
- Эпилепсия ұстамасын ескертетін...
Эпилепсия ұстамасын ескертетін ақылды сағат
Эпилепсия – адам өміріндегі ең қауіпті дерттің бірі. Оның қауіптілігі адам өліміне алып келеді. Егерде науқастың ұстамасы жиілеп, қайта-қайта қайталана берсе, бұның соңы өлімге әкелуі мүмкін. Ал аурудың ұстамасы қай кезде келетіні, қашан ұстайтыны науқасқа белгісіз. Осыны ескерген Empatica компаниясы эпилепсия ұстамасын алдын ала ескертетін ақылды сағат ойлап тапты.
FDA лицензиясын алған, клиникалық сынмақтардың бәрінен сәтті өтіп қолданысқа шыққан жаңа медициналық гаджеттің аты – Embrace.
Embrace смарт-сағаты адамның жүрек соғысының жиілігін, күйзелістің көрсеткішін, ұйқы кезінде адамның физикалық жағдайдағы қалыпты көрінісін анықтап отырады. Ал негізгі жұмысы белгілі бір белгі беру арқылы эпилепсия дертінің ұстамасы жақындап келе жатқаны туралы дабыл қағады.
Empatica компаниясының негізін салушылардың бірі Маттео Лая былай дейді:
«Арамызда өзінің эпилепсия дертімен ауратынын жасыратындар бар. Статистикаға сенсек, жер бетіндегі әрбір 26-шы адам бұл дерттің белгілерімен ауырған. Ал адамзат баласының 1%-ы осы эпилепсиямен ауырады. Біз осыны зерттей келіп адамдар өздерінің дерті қай кезде ұстауы мүмкін екенін біліп жүргенін және алғышартын жасауға дайындалуы үшін ақылды смарт-сағат жасап шықтық».
М. Ақан