Күйзеліс – ең керемет диета

Күйзеліс – ең керемет диета
Фото: ruskino.ru

Кино әлемінде де дарынды, ешкімге ұқсамайтын ерекшеліктері бар әртістер өте көп. Олар өздерінің сомдаған рөлдері арқылы шынайы сұлулығын, табиғи келбетін көрсете біледі. Сондай әртістердің бірі әрі бірегейі – Алиса Фрейндлих. Бүгін біз әйгілі әртіс қыздың бір топ қанатты сөзін назарларыңызға ұсынамыз.

Менің жалғыз қателігім - өмірімнің төрттен үш бөлігінде бәрі алда деп ойлап келгенімде. 

Маған жанын бермейтін жандар қызық емес.

Жалғыздық дегеніміз - өзіңізді беретін сенімді қолды таппағаныңыз.

Біз өмір бойы өзімізді өзіміз тани алмай өтеміз.

Күйзеліс - ең керемет диета.

Ардан безген адамдардың ауа жұтып жүргенін көргенде менің жаным ешқашан жай таппайды. 

Балалық шағын ұмытпаған адам, табиғаттың берген сыйын да сақтай біледі.

Біреулерге - жұмыс болса, біреулерге - тағдыр.

Бақыт дегеніміз - сүю. Әрине, сүйген адамыңыз сезіміңізге сенбесе, оның несі бақыт деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда сіздің ішіңізде бір тылсым күш жатады, сіз бәріне де дайын боласыз. Сондықтан сүйікті болу - жақсы, ал сүю - одан да жақсы.

Мен өмір бойы балалар кітабын оқығанды жақсы көрдім. Қазір де анда-санда оқып тұрамын. 

Әдемілік әлемді тәрбиелейді. Себебі сұлулыққа миллиондаған адам басын иеді.

Біреуді біраз жылдар бойы күту - әділетсіздік. Ол тек өзіңізге емес, тағдырыңызға да немқұрайлылық. 

"Алма піс, аузыма түс" деп қарап отырсаңыз, көп нәрседен құр қаласыз.

Адамгершілік, мейірімділік секілді ізгі қасиеттеріңіз болса, сізді ұнататын жандар да көп болады. 

Жастық шағыңызда жақсылап білім алып, кемеліңізге келген кезде бәрімен бөлісіңіз.

Ж. Исакаев