- Негізгі бет
- Денсаулық
- Арықтағысы келетін адамдарға...
Арықтағысы келетін адамдарға арналған тағамдар тізімі
Әрдайым әдемі әрі сұлу көріну үшін артық салмақтан арылғысы келіп, түрлі диетаны ұстайтын адамдар аз емес. Сондықтан біз бүгін арықтағысы келетін адамдарға арналған тағамдар тізімін ұсынамыз. Бұл тізімді міндетті түрде тоңазытқышыңызға жабыстырып қойыңыз.
- Салаттар (зәйтүн майымен араластырып жегеніңіз дұрыс):
Винегрет, Грек, Цезарь салаттары және қияр, қызанақ, болгар бұрышы, қырыққабат секілді көкөністерден жасалған салаттарды жасап жеңіз.
- Сорпалар:
Көкөністерден жасалған сорпа, томат сорпасы, қышқылтым көже және жұмыртқа қосылған тауық сорпасы.
- Көкөністер:
Баялды, асқабақ, сәбіз, қияр, қызанақ, орамжапырақ, болгар бұрышы, жалпақ қияқты пияз, шалғам көкөністерін ораздық ақжелкен сияқты салат жапырақтарымен араластырып жеңіз.
Алма, алмұрт, апельсин, шабдалы, мандарин, алхоры, өрік.
- Сусындар (қант қоспаңыз):
Кофе, қара шай, көк шай, жеміс-жидектер мен көкөністерден сығылып алынған сусындар, мүкжидек морсы және кептірілген жемістерден жасалған нәрсу.
- Диеталық ақуыз өнімдер:
Диеталық еттер – тауықтың төс еті, күркетауық, пісірілген немесе бұқтырылған балық еті және калмарь еті.
Пісірілген жұмыртқа ақуызы, майы алынған сүзбе, жұмыртқа ақуызынан жасалған омлет.
Майы алынған айран, сүт және сүзбе.
Таңғы ас:
Шай, кофе және жидек шырынынан істелген сусын. Сонымен қатар шаймен бірге ащы шоколадтың екң бөлігін жеуге болады.
Сұлы жармасының ботқасы, қарақұмық, пісірілген жұмыртқа, омлет, майы алынған айран, диеталық сүзбе, майы алынған йогурт және жеміс-жидектер.
Түскі ас:
Түскі асқа тізімдегі қалаған тағамыңызды тұтынуыңызға болады.
Кешкі ас:
Кешкі асты ұйқықтардан 3-4 сағат бұрын ішкеніңіз дұрыс. Алайда кешке қарай спорттық жаттығуларыңыз болса, онда жатардын 40-60 минут бұрын ауқаттануыңызға болады.
Көкөністерден жасалған салаттар, майы алынған айран, диеталық ет, сүзбе, жеміс-жидектер мен көкөністер, шай, нәрсу, морс және қант қосылмаған сусындар.
Жиі бірақ аз-аздан тамақтанғаныңыз жақсы. Таңғы ас пен түскі ас немесе түскі ас пен кешкі астың арасындағы үзілістерде жеміс-жидектер мен көкөністерден түрлі салат жасап жеп, сүт, шай, кофе секілді сусындар ішуіңізге болады. Дегенмен, бұлшық еттеріңізді қатайтып, жиі қозғалыста жүріңіз және салауатты өмір салтын ұстануға тырысыңыз. Сонда сіздің денсаулығыңыз да, пішініңіз де керемет болады.
Ж. Исакаев