Арқа ауырғанда жасайтын жаттығулар

Арқа ауырғанда жасайтын жаттығулар
Фото: hochu.ua

Арқа омыртқасы біздің тірегіміз болғандықтан ғана ағзаның маңызды функциясы болып саналмайды. Сонымен қатар, омыртқада көптеген жүйке жүйесі жинақталған. Сондықтан, өзіңізді жақсы сезініп, қозғалысты өмір салтын сақтау үшін омыртқаның жағдайын бақылаған жөн. Әсіресе, компьютер алдында немесе үстелде бірқалыпты ұзақ отыратын адамдар үшін міндетті түрде жаттығу жасау керек. Себебі арқаның жиі ауруы бір күні кері әсерін береді.

Егер күніне бір рет төмендегі оңай әрі көп уақыт алмайтын арқаға арналған жаттығуларды жасап тұрсаңыз, омыртқаға әсері болып, арқаның ауруы басылады. 

1. Тізе астындағы сіңірді созу

Алдымен бір аяғыңызды көтеріп, 30 секунд ұстаңыз. Одан соң екінші аяғыңызды көтеріп, тағы 30 секунд ұстайсыз. Соңында екеуін бірге көтеріп, 30 секунд ұстаңыз. 

2. Тізені кеудеге қарай тарту

Бұл жаттығу бөкседегі бұлшық еттерді бекітіп, сонымен қатар, демалтуға көмектеседі. Әр аяғыңызды 20 секунд ұстап, екі реттен қайталап жасаңыз. 

3. Бұрылу

Мұндай созылу бұлшық еттің артық тырысуына апармауы қажет. Сондықтан, жаттығуды дұрыс орындау қажет: бүгілген аяқтан басыңызды қарама-қарсы жаққа бұрыңыз. Осы қалыпта 20 секунд жатыңыз. Содан соң екінші аяғыңызды бұрып, сәйкесінше, басыңызды қарама-қарсы жаққа қаратып, 20 секунд жатасыз. 

4. Алмұрт тәрізді созылу

Аяғыңызды суретте көрсетілгендей етіп, 30 секунд ұстаңыз. Сондай уақыт келесі аяғыңызға да жасаңыз. 

5. Жамбасқа арналған жаттығу

Осы қалыпта 30 секунд тұрып, содан соң келесі аяққа сонша уақыт тұрыңыз. 

6. Қырымен жатып созылу

Осы қалыптағы денемен екі жақта да 30 секундтан жатыңыз. 

7. Арқаны созу

Бірінші суреттегідей қалыпта әр жаққа 10 секундтан тұрыңыз. Екінші суреттегідей қалыпта 30 секунд тұрып, болған соң бірінші суреттегіні тағы да екі-үш рет қайталаңыз.

А. Жапатова