Суықты емдік құрал ретінде пайдалану әдістері

Адамдар бұрыннан суықты емдік құрал ретінде пайдаланған. Суық ағзаның қорғаныш күшін ынталандырады, зат алмасуды іске қосады, жүйке жүйесін қатайтады. Сондай-ақ, ол - керемет ауыруды басатын, қан тоқтататын және ісінуге қарсы құрал.

Ауырсынуды басу

Медицинада суықпен әсер етуді гипотермия деп атайды. Жергілікті гипотермияны, әдетте, ауыртып немесе соғып, зақымдап алған және күйіп қалған жерге қоладанады. Ол ауыруды басуға, қанды тоқтатуға, қабыну процестерінің дамуын тоқтатуға көмектеседі. Қандай болмасын зақым алғанда, мысалы, бір жеріңізді соғып алсаңыз, ол жерге мұздатқышта тұрған бір нәрсені алып, сыртын матамен орап, сол жерге 5-10 минутқа басуға болады.

Бет терісін мұзбен уқалау

Косметикалық мұз жайлы естідіңіз бе? Оны дайындау оңай. Қарапайым суды, көк шайды немесе шөптер қайнатпасын мұз қатыратын ыдысқа құйып, мұздатқышқа салып қойыңыз. Күнде таңертең мұз текшелерімен бетіңізді сүртіңіз.

Тістің ауырғанын жеңілдету

Тіс ауырған кезде бірден дәрігерге қаралған жөн. Сондай-ақ дәрігерге барарда ауырсынуды басатын дәрі ішпей барған дұрыс. Дәрігерге кешкі уақытқа жазылып қойсаңыз, оған дейін шыдап жүру қиын. Мұндай кезде ауырып тұрған тісіңіз орналасқан бет тұсына матамен оралған мұзды басып көріңіз.

Сауығу мақсатында қолдану

Заманауи технологиялар төмен температураларды сауықтыру мақсатында қолдануға мүмкіндік береді. Бұл әдіс криотерапия деп аталады. Жалпы криотерапия арнайы қойма – криосаунада өтеді. Криосауна курсы ағзаны сергек етеді және жасушалардың жаңаруына ықпал етеді.

Иммунитетті қатайту

Қарама-қарсы душ қабылдау, денеге мұздай су құю ағзаны шынықтырады және иммунитетті қатайтады. Алайда бұл процедураға қарсыкөрсетілім бар. Сондықтан оны бастауды қолға алмас бұрын дәрігермен кеңескен жөн.

Қыста көпшілік тұмау жұқтырып алудан және аяғы тайып, бір жерін ауыртып алудан қорқады. Сондай-ақ адамдардың көбі қыста қабат-қабат киім киіп жүруді ұнайтпайды. Алайда бұл мерзімнің де өз артықшылықтары бар. Суық қыстың адам денсаулығына пайдасы қандай екенін мына жерден оқыңыз.