Түтін иісі әйел адамға өте зиян

Көліктен шыққан түтін әйел адамға өте зиян. Әсіресе, жүрек-қан ауруларына ерте шалдықтыруы мүмкін.

Көліктің түтіні экологияға да, адамға зиян екені белгілі. Сондықтан әлем елдері жыл сайын экологиялық нормативтерді қатаңдатуға тырысып жатыр.

Мамандардың мына бір зерттеуі көліктің түтіні біз ойлағаннан әлдеқайда зиян өндірістік қалдық екені дәлелденді. Арнайы тәжірибе жүргізген Манитоба Университетінің мамандары 5 ер адам мен 5 әйел адамды алып дизельмен жүретін көліктің түтінін иіскетіп, эксперимент жасаған. Эксперимент үш айға созылды.

Сонда мамандар әйел адамның ағзасында зиян түтіннің кесірінен қан тамырларын бітейтін ақуыздың көбейіп кететінін байқаған. Ер адамның да ағзасында дәл сондай ақуыз көбейгенімен, дәл әйел адамдікіндей көп болмаған.

Зерттеу шағын топқа жүргізілгендіктен, әзірше біртоға қорытынды жасау қиын. Дегенмен ондай ақуыздың көбейгені ағза үшін жақсы емес көрінеді.

Көліктің түтінін жұтпаңыз...