Көліктің түтінін жұтпаңыз...

Көліктің түтінін жұтпаңыз...
Фото: azertag.az

Көліктен шыққан түтін адамға зиян. Әсіресе, қатерлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін.

Мәселен, италиялық ғалымдар айтуынша, көліктің түтінін көп жұтқан адам аутоиммунды ауруларға шалдығуы мүмкін. Мұндай тұжырымға олар он жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде жеткен. Зерттеу жұмысы RMD Open журналында жарияланды.

Мамандар әзірше көліктің түтіні қалай аутоиммунды ауруларға әкелетінін, не себеп болатынын білмейді. Бірақ көліктен шығатын түтіннің аутоиммунды аурулардың ішінде ревматоидты артрит, қызыл жегі, ойық жара, колит, ішек қабынуы, остеоартрит, ұмытшақтық сынды аурулардың пайда болуына себепші болатын көрінеді.

Ғалымдар 2016-2020 жылдары 81 мыңнан аса адамнан тәжірибе алған. Оның ішінде 73 мыңнан аса адам – 65-тен жастан асқан жандар екен. Қатысушының тұрып жатқан жері ауа сапасын бақылайтын станцияның деректерімен салыстырылып отырған. Нәтижесінде тәжірибеге қатысқандар ішінде 9723-інен, яғни, 12 пайызынан аутоиммунды аурулар табылған.

Зерттеушілердің мәліметінше, көліктен шыққан түтін адамның ревматоидты артрит ауруына шалдығу қаупін 40 пайызға, ішек қабыну қаупін 20 пайызға арттырып жібереді екен.

Қ. Слямбек