Бір уақытта қанша қарбыз жеуге болады – дәрігер жауабы

Бір уақытта қанша қарбыз жеуге болады – дәрігер жауабы
Фото: producttoday.ru

Диетолог Елена Соломатина Sputnik-ке берген сұхбатында "қарбыз тағамды толығымен алмастыра ала ма?" деген сұраққа жауап берді.

Маманның айтуынша, қарбызда қант тым көп болғандықтан, жеңіл тағам ретінде қолданған дұрыс. Бірақ, көп жеуге болмайды. Қарбыздың 100 граммында 25-27 килокалория бар.

"Бір келіде орташа есеппен 250 килокалория бар. Бұл ағзаға үлкен қант жүктемесі. Біз ондай калорияны бірден жұмсуымыз екіталай. Әдетте мұндай калорияны түскі астан аламыз. Бірақ түскі асты қарбызбен ауыстырудың қажеті жоқ", - деді Елена Соломатина.

Дәрігер қарбыздың ұсынылатын нормасы бір уақытта 200 грамм екенін айтты. 200 грамм қарбыздан күніне төрт рет жеуге болады.

Диетолог кейбір адамдар қарбыз жегенде сақ болу керек екенін оның диуретикалық әсері бар екенін еске салды.

Мысалы, егер адам несеп айдайтын препараттарды қабылдап жүрсе, жүрек-тамыр жүйесінде, асқазан-ішек жолдарында ақау болса, қарбызды тұтынудан сақ болу керек.

"Егер адам декомпенсацияланған қант диабетімен ауырса тәтті қарбыз жеуге болмайды. Ол үшін алдымен дәрігерден кеңес алу керек", - деді дәрігер.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер қауынды жақсы көретіндерге 3 кеңес айтқан болатын.

Т. Раушанұлы