Қауынды жақсы көресіз бе: дәрігерден 3 кеңес

Қауынды жақсы көресіз бе: дәрігерден 3 кеңес
Фото: gastronom

Диетолог Анжелика Дювальдың айтуынша, қауыннан ең алдымен, қант диабетімен ауыратын және асқазан жарасы асқынған адамдар бас тартуы керек.

«Қарбыздағы сияқты қауын құрамында фруктоза бар. Бұл қандағы қантты айтарлықтай арттырады. Асқазан жарасы бар адардар да қауынды сақтанып жеуі қажет», - деді диетолог Мәскеу-24 басылымына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, қауын қарбыз сияқты дененің ісінуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан, егер сізде осындай проблема болса, онда қауыннан біраз уақыт бас тартқан дұрыс.

Қауынды қалай жеуге болатыны туралы диетологтың 3 кеңесі:

Қауынды басқа тағамдармен немесе десертпен жеуге болмайды. Ол ауыр өнім болып саналады және асқазанда емес, ішекте қорытылады. Сондықтан оны тамақтан бөлек жеген дұрыс.

Қауын жеген соң су ішіңіз. Тым көп қант тіс эмальын зақымдайды.

Қандағы қанттың жоғарылауы тым күшті болмауы үшін бір уақытта 400 грамнан артық қауынды тұтынуға болмайды. Балалардың одан да аз жегені жөн.

Қауынды аш қарынға мына өнімдермен қосып жеуге болмайды:

• суық су;

сүт өнімдері;

• сүт;

• алкоголь.

Мұндай жағдайда асқазанның бұзылуы қаупі бар. Алайда бұл фактіге қатысты ешқандай ғылыми дәлел жоқ.

Қауынның қандай пайдасы бар?

• Қауын құрамында кремний бар – бұл элемент теріге пайдалы әсер етеді, безеулер мен әжімдерді жояды;

• С витаминінің жоғары болуына байланысты иммунитетті көтереді;

• құрамында B6 және K дәрумендерінің көп мөлшері бар;

• калий мен мыс бар;

• қан қысымын төмендетуге көмектеседі.

Т. Раушанұлы