Күніне 2 минут серуендеудің өзі адамға пайдалы – зерттеу

Тамақтанғаннан кейін тым болмағанда 2 минут серуендеуді әдетке айналдырған адам диабетке шалдыға қоймайды. Жаяу жүрген адамға ас тез сіңеді. Осылай дейді ирлан ғалымдары.

Ирландиядағы Лимерик Университетінің мамандары метаталданыммен 7 зерттеу жүргізіп, ас ішкен адамның тамақтан кейінгі әдетін бақылауға алып, қайсысы зиян, ал қайсы әдеттің пайдалы екенін қарастырған.

Сонда мамандардың байқағаны, тамақ ішкеннен кейін серуендеу, жаяу жүруге шыққан адамның созылмалы ауруларға шалдығуы болмайтын көрінеді. Әсіресе, қант диабетіне шалдықпайтынға ұқсайды. Себебі тамақ ішкен кезде адам ағзасында глюкозаның деңгейі бірден көтеріледі де, жаяу жүргенде жылдам ыдырап кетеді екен.

Мамандардың айтуынша, ең дұрысы – адамның ас ішкеннен кейін 60-90 минут бойы қозғалыста болғаны. Физикалық жұмыстармен айналысқаны жақсы. Ол болмаса, жаяу жүруіне болады. Тамақтанғаннан кейін отырып қалуға болмайды. Оның орнына 15 минут ары-бері жүріп-тұрып, қимыл-қозғалыста болуы тиіс.

Тым болмағанда, 2-3 минутын жаяу жүруге, қимыл-қозғалысқа арнауы тиіс дейді зерттеушілер. Сонда адам жүрек ауруларынан аман болады. Қандағы қант пен инсулиннің деңгейі тұрақталады.

Қант диабетінің бастапқы үш белгісі

Таңғы асты нешеде ішкен дұрыс?