Жарықты жағып ұйықтамаңыз...

Адам дұрыс ұйықтауы үшін, ұйқысы қануы үшін жарықты сөндіріп қараңғыда жатқаны дұрыс. Жарықты жағып ұйықтаудан аулақ болыңыз. Осылай дейді АҚШ-тың Солтүстік-Шығыс университетінің медицина мектебінің ғалымдары.

Зерттеушілердің айтуынша, жарықта жатып ұйықтаудың екі бірдей зияны бар екен.

"Адамның тас қараңғыда ұйықтағаны әлдеқайда дұрыс. Жарықта жатып ұйықтаған адам қан-жүрек ауруларына шалдығуы және инсулинді сезіну қабілеті күрт жоғарылап кетуі мүмкін", - деп түсіндіреді АҚШ зерттеушілері.  

Ғалымдардың айтуынша, күн батып, қараңғы түскен кезде адамның биоритмі баяулап, парасимпатикалық жүйке жүйесі сабырға түседі. Содан жүрек қағысы да тұрақталып, табиғи зат алмасым басталады. Күн батқанда адамның миы ұйқы гормоны – мелатонинді бөліп, ағзаны ұйқыға "әлдилейді".

Ал ұйқыда жатқан адамға жарық түссе не адам жарықта ұйықтаса, осы мелатонин гормоны бөлінісі бұзылады.

"Содан адамның ұйқысы мен жүрек қағысы бұзылады. Тіпті, аз жарық түссе де зиян. Жарықта ұйықтаған адам басқа да ауруларға шалдығуы мүмкін", - деп түсіндіреді мамандар.

Сондықтан жатарда есік-терезені қымтап, перде мен жалюзиді жауып, барынша көлеңкеде ұйықтаған жөн деседі мамандар.