Ғалымдар сүт безі обырын емдеудің жаңа әдісін тапты

Ғалымдар сүт безі обырын емдеудің жаңа әдісін тапты
Фото: urosvit.com

Чикагодағы Америка клиникалық онкология қоғамы (ASCO) сүт безі обырын емдеуге арналған жаңа препаратты ұсынды. Бұл туралы Medical Xpress жазды.

Препарат тамыр ішіне енгізілетін антиденелер мен химиотерапияның (Enhertu) комбинациясы. Ол қатерлі ісік жасушаларында HER2 ақуызын анықтайды және блоктайды, сонымен бірге жасуша деңгейінде қатерлі ісіктерді өлтіретін күшті химиялық затты шығарады. Enhertu антидене –дәрілік конъюгаттар деп аталатын салыстырмалы түрде жаңа препараттар класына жатады.

Жүргізілген зерттеулерде Enhertu пациенттердегі қатерлі ісіктің дамуын тоқтатты және стандартты химиотерапияны қабылдағандармен салыстырғанда денсаулығы жақсарды.

"Медициналық көмекті қажет ететін науқастардың дәрі-дәрмекпен емделуін қамтамасыз етіп, содан кейін оларды жіті бақылау керек", - дейді мамандар.

Препарат сүт безі обырын емдеу үшін мақұлданған және сәуір айында АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) оған ғылыми жетістіктер мәртебесін берді.

Бұған дейін ғалымдар алғаш рет адамға жасанды құлақ салған болатын.

Т. Раушанұлы