Ұзақ өмір сүру үшін тамақты қалай жеу керек?

Ұзақ өмір сүру үшін тамақты қалай жеу керек?
Фото: vk.com

Ғалымдардың айтуынша, жақын болашақта адамдардың биологиялық сағаты хронологиялық сағатпен сәйкес келмейтін болады. Бұл тұжырым біртүрлі естілгенімен, оған заманауи технологиялар көмегімен емес, дұрыс тамақтану арқылы қол жеткізуге әбден болады екен.

Америкалық кәрілік мәселелерін зерттеу институтының мамандарының айтуы бойынша адам ұзақ өмір сүруі үшін тәрелкесіндегі тамақ мөлшерін азайтқаны жөн. Әр тамақ қабылдау үдерісі кезінде пайдаланылатын тағам мөлшерінің 20%-ын азайтып, тек  80%-ын ғана жеу керек екен. Ғалымдар осы әдіс ересектерге өз-өзін әлдеқайда жеңіл сезінуге және ширақ қимылдауға көмектеседі деген пікір білдірді. Яғни, ұзақ өмір сүрудің құпиясы — калорияны шектеу.

Сондай-ақ, өмір бойы төмен калориялы диета ұстанған адамдардың жүрек және онкологиялық ауруларға шалдығу қаупі айтарлықтай азаяды.

А. Оралқызы