Ғалымдар адам өмірін ұзартатын шоколад ойлап тапты

Ғалымдар адам өмірін ұзартатын шоколад ойлап тапты
Фото: business.alexyanovsky.com

Ресей ғалымдары адам өмірін ұзартатын шоколад ойлап тапты. Жаңадан шығарылған өнімге "Теңіз жауһары" деген атау берілді.

"Шоколадқа теңіз жұлдызы, теңіз кірпісі мен серменеден бөлінетін заттар қосылды. Бұларды біз "теңіз дәрумендері" деп атадық. "Теңіз дәрумендерінің" мұндай топтамасы қартаю процесін баяулатып, зат алмасуды жақсартады. Бұл өмір сүру сапасының артып, адам өмірінің ұзаруын қамтамасыз етеді", − деді ғалымдар.

Айта кетейік, табиғи теңіз қосылыстарыны медицина-биологиялық құрылымы 40 жылдан бері зерттеліп келеді. Осының арқасында медицинаға көптеген дәрі-дәрмек пен биологиялық белсенді қоспалар пайда болды.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін