Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Жақсы ұйқыға жастықтың әсері

Жақсы ұйқыға жастықтың әсері

Жақсы ұйқыға жастықтың әсері

Адам өмірінің үштен бірі ұйқымен өтетіні белгілі. Көңіл-күй көтеріңкі, денсаулық мықты болуы да түнгі ұйқы қанық болуына байланысты. Ал ұйқы тыныш болуына төсек жабдықтарының, әсіресе, жастықтың қосар үлесі мол. Алайда біріміз жұмсақ жастықты жақсы көретін болсақ, біріміз тіпті мұндай жастықта ұйықтай алмаймыз. Назарларыңызға жастықтың ұйқыдағы рөлі жайында ақпарат ұсынамыз. 

Жұмсақ жастық ұйқыдан бұрын, денсаулыққа зиянын тигізеді. Себебі жұмсақ жастыққа жатқан кезде құлақ толық жабылып қалады да, бастың жоғары бөлігі қисайып жатады.  Ал қатты жастықта мойын мен бас ыңғайлы болып жатады. Сонымен қатар құлақ ашық болғандықтан, адамның есту қабілетін жақсартады. Ұзынша болып тігілген кәдімгі қарапайым жастықтар да дұрыс ұйықтауға көмектеседі. Мұндай жастықтарға жатқанда иықты жастық үстіне қоймайбасты тек желкеден бастап қояды. Ал жастықтың желке тұратын жағын аздап қайырып қояды, сонда ғана дұрыс жатып, денсаулыққа зиян тигізбеуге болады.

Ұйықтағанда адамның жату қалпы да денсаулыққа зор әсер етеді. Мәселен, ересек адамдарға етпетінен жатуға болмайды. Себебі мұндай жатыста басты оңға немесе солға қарай бірден бұрса, омыртқадағы қан айналым бұзылады. Соның салдарынан 45 жастан асқан адамдарда инсульт пайда болады. Ал жастықсыз немесе жастықтың өзінде де дұрыс жатпау салдарынан ми дұрыс дем алмай, қан айналу процесі бұзылып, мойын ауырады. Кейін бұл мойын остеохондрозына айналуы мүмкін.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: ya-sport.com
Қосылған күні: 09 ақпан, 18:14

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.