- Негізгі бет
- Қазақстаным
- «Наннан ауыз тиіңіз»...
«Наннан ауыз тиіңіз» дәстүрі қалай пайда болды?
Бұл дәстүр халық даналығында өмір қадірін түсіну үшін пайда болған. Қарапайым жұртшылық әр түрлі ережеге бағынып өмір сүргендігі белгілі. Адамдар әрқашан бір-біріне құрметпен қарап, қол ұшын беру арқылы жан сақтауға көмектесіп отырған. Бауырсақ сөзі осыған негізделіп пайда болса керек. «Бауыр» - ағза, «сақ» - қырағы деген екі сөздің тіркесуі арқылы жасалған. Мейман күтуші өзі тамақ берген адамының келесі бір асқа дейін шыдай алатындығына кәміл сенімді болуы үшін дәм алдырған. Сол кезде ауыз тигізген азамат іштей біршама тынышталады. Өйткені үй қожасы өзін кісі алдында адами тұрғыдан лайықты етіп көрсетеді. Осы кезде өмірдегі ең маңызды нәрсе адам бола білу екендігін ұқтырады. Яғни келген жолаушы сіздің туысқаныңыз, досыңыз, көршіңіз, танысыңыз немесе бөгде адамыңыз болсын адамдық қасиетін ұмытпау керектігін айтады. Мұндай қағида әрбір қазақтың жадында бар. Егер қазақ халқы «наннан ауыз тиіңіз» деп ас ұсынуды доғаратын болса, онда қазақ болудан, адам болудан қалғаны.
Екі қазақ бір-бірін жолықтырып қалған кезде (Ассалаумағалейкум араб тілінен енген) «Армысың! – ақ ниетті, адалмысың» деп амандасқан. «Ар» сөзі екі мағына білдіреді, бірі – адам, екіншісі – адалдық (Махмұд Қашқари «Түркі сөздерінің жинағы» кітабынан, ХІ ғасыр). Ал екінші адам болса, «Бармысыз!» деніңіз сау ма, адалсыз ба деген мағынада жауап қатады. Осы қалыппен қазақ халқы бір-бірін тәубеге келтіріп, адамдық қасиетті жоғалтпау керектігін еске салып отырған.
Ежелгі ата дәстүріміз бойынша үй иесі кез келген қонаққа әрдайым дәмнен ауыс тигіздіріп, өзін адамдық болмысын жоғалта қоймағандығын, жолаушымен терезесі тең екендігін білдірген. Себебі бұл дүниеде барлық адамның дәрежесі бірдей.
Бердалы Оспан фейсбук парақшасынан алынды
Оқи отырыңыз:
Қасқыр мен ит бір-біріне неге өш?
Дәстүр сөйлейді. «Біз шаншар» және «Қыз қашар»
Дәстүр сөйлейді. «Шаңырақ көтеру» және «Шаңырақ түйе»
Қатонқарағай табиғи паркінде қар барысын фотоқақпанға түсірді
Сурет: yvision.kz
Н. Нұрмаханұлы