Қатонқарағай табиғи паркінде қар барысын фотоқақпанға түсірді

Қатонқарағай табиғи паркінде қар барысын фотоқақпанға түсірді

Бұл таңқаларлық оқиға Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болды. Жойылып бара жатқан жануарлардың бірі - қар барысы алғаш рет фотоқақпанға түсті. 

Ертеректе ұлттық парктің аумағында қар барысын көрген адамдар болған. Алайда ешқандай дәлел болмағасын олардың сөзіне ешкім сене бермеген. Ал қазір нақты дәлел бар. 2014 жылдың 11 желтоқсанында Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық саябағының аумағында Busnell фотоқақпаны қар барысын түсірді.

Бұл 19 фотоқақпанды ұлттық паркке биолог Олег және Ирина Логиновалардың "Snow Leopard Fund" жобасының аясында алдыртқан. Жоба мақсаты - Шығыс Қазақстан облысындағы жойылып бара жатқан жануарларды сақтау.

Сурет: altaynews.kz

Ж. Исакаев