Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамының ІІ съезі өтеді

Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамының ІІ съезі өтеді

Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамының (ҚҰГҚ) ІІ съезі ағымдағы жылдың 28-29 қараша күндері өткізіледі. Жыл сайынғы ұйымдастырылатын съезге қоғамның барлық мүшелері шақырылып отыр. Аталған съездің шеңберінде дөңгелек үстелдер мен жұмыс кездесулері, ҚҰГҚ қызметінің қорытындылары мен келесі жылға арналған жоспарлары талқыланатын болады.

Қатысушылар төменде берілген тізімнен жұмыс тобын таңдап, арнайы ұсыныстарымен келеді:

1. География және климат

2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар

3. Биоәртүрлілік

4. Туризм, саяхат, өлкетану

5. Тарихи-мәдени мұра, этнография.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы осы жылы тарихи әрі туристік мақсатта екі экспедиция ұйымдастырған. Бірі "Шоқан Уәлиханов керуен жолы бойымен" деп аталып, Қашқар қаласына дейін жеткен болса, екіншісі «Ұлытау» экспедициясы. Олар орталық Қазақстан аймағын туристік мүмкіндіктерін дамытуға бағытталды.

Бұл жыл екінші рет ұйымдастырылып отырған съез Астана қаласы Назарбаев Университетінде өткізіледі.

Сурет: kazgeography.org

Ж. Өрісбай