Қазақстандағы туризм: Петропавлға барсаңыз

Қазақстандағы туризм: Петропавлға барсаңыз
Фото: mypiter.kz

Еліміздің қай өңірі болмасын, табиғаты тамсандырарлық, жері құнарлы, халқы қонақжай десек қателеспейміз. Соңғы жылдары Қазақстанға ағылып келетін туристердің көп екенін байқауға болады. Біз бүгін еліміздің солтүстік өңірі туралы айтпақпыз. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк орталығы — Петропавл қаласы. Бұл қалаға қыдырып бара қалсаңыз, қандай көрікті жерлерге баруға болатынын білмесеңіз, бұл – сіз үшін. Оқи отырыңыз!

Қала 1752 жылы Есiл өзенiнiң жағасында әскери қамал (Қасиеттi Петр мен Павл қамалы) ретiнде ресей әскерiнiң бiргу жолында құрылды. 1894 жылы Петропавл Транссiбiр магистралiндағы үлкен қалаға айналды. Бүгiнгi күнi Петропавл – облыс орталығының маңызды индустриалды, мәдени, әкiмшiлiгiне айналды.

Қала аумағында бiрегей туристiк нысандар бар. Олар: 

1.  «Табиғат балалары» ботаникалық бағы.

Бақтың аумағында тропикалық өсiмдiктерге жататын мыңға жуық экзотикалық: 140 ағаш-бұта түрлерi, 450 шөп басқан, 20 сирек және жойылып бара жатқан, 57 дәрiлiк және 310 гүлдi-сәндiк түрлерi бар. Бұл пальмалар мен лимондардың шығыс-африкалық туясының, жасмин және басқа да экзотикалық өсiмдiктердiң жасылданатын бау-бақша саябағының бiрегей кешенi деп есептеледі. Бағбандар мен гүл өсiрушi мамандардың көп жылғы еңбегiнiң арқасында бағалы экспонаттар: АҚШ-тың өсiмдiк нышаны ретiндегi – «Вашингтония» пальмасы, Гаванадан әкелiнген кубалық лимон, әлемге танымал бақтардан келген сирек даналар өсiрiледi.

2. «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенi.

Тарихтан білеміз, 1771 жылы Түркiстан қаласында үш жүздiң хандары, сұлтандары, батырлары бiр хандыққа бiрiгiп, Абылайды Қазақ хандығының ханы деп жариялады. Абылай ханның тiлегi бойынша және патша үкiметiнiң рұқсатымен Есiл өзенiнiң жоғарғы жағындағы Енқыстау тауында әулие Пётрдiң бекiнiсi жанынан 1765 жылы оның келiп тұруы үшiн ағаш үй салынды. Кейiн, аңыз бойынша, қалада жиi болып тұратын өрттiң бiрiнiң салдарынан үй жанып кеткен, оның орнына тастан үй салынады (шындығында, Поляков диiрменiнiң ғимараты). Ел ауызында сақталған аңызда 1821 жылы патша үкiметi Абылай ханның ұлы Уәли ханды бекiткеннен кейiн Петропавлдың жоғары форштадында оған екi қабатты тас үй салған-ды. Сол кезден бастап Петропавл қаласында Орта жүз ханының қысқы резиденциясы орналасты. Өлкетанушылардың айтуына қарағанда, Абылай ордасы еңiстiк жерде орналасқан алғашқы және ұзақ уақыт жалғыз болған құрылыс екен. Бұл мұражай кешенді 2008 жылы елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев ашты. Кешен құрамына мыналар кiредi: Абылай ханның үйi, Абылай ханның кеңсесi, келiп-кетушiлерге арналған үй, монша.

3.  Астрофизикалық обсерватория.

Бас астрофизикалық обсерваторияның жабдықтарына 0,77 метр айна диаметрiмен Ричи-Кретьен жүйесiнiң телескопы кiредi. М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi оқу корпустарының барлық кешенiне қайталанбас ажар беретiн планетарий күмбезi, Leariving Technologies фирмасының (АҚШ) проекциялық аспаптарымен жабдықталған. Бұл осы заманғы ғылыми мiндеттердi шешуге мүмкiндiк беретiн республикамызда көлемi жағынан екiншi телескоп. Орталық құрамына обсерваториямен бiр ғимаратта орналасқан планетарий кiредi. Планетарий проекторының көмегiмен аспан сферасының 3000 жұлдызынан астам әрбiр жарты шарының сапалы түрлi-түстi бейнесiн көруге болады. 

Ж. Жұмағұлов