Алматылық білегіне Абылай ханның бейнесін салдырды

365info.kz сайтындағы «Абылай хан портретін татуға айналдырып жіберді» деген мақаласында тілші Дмитрий Дроздов білегіне ине арқылы Абылай ханның суретін салдырған адам жайлы жазды. Бұны alashainasy.kz хабарлады.

«Алматылық тату шебері Бесарион Папия ерекше тапсырысты орындады, ол өз қызметін тұтынушының білегіне Абылай ханның бейнесін салып берді», – делінеді мақалада.

Шебер бұл тапсырысшының тегіне байланысты жасаған татуы екенін, сондықтан, оған түсіністікпен қарағанын, оның пәлсапалық мағынаға ие екенін айтқан.

Ал хан суретін денесін салдыртқан адам өзінің аты-жөнін атамауды сұраған.

сурет: alashainasy.kz, kaznpu.nci.kz