Отан үшін от кешкендер

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Шалабаев Мұсабек  1919 жылы Павлодар облысы Максим Горький ауданында туған. 1939 жылы әскерге шақырылып, советтік-финдік соғысқа қатысады.  Ленинградты қорғап, қоршауды бұзады. Бірнеше рет жарақат алады. Майданның басынан аяғына дейін қарапайым жауынгер қатарында болады. Соғыстан соң селолық шаруашылықта қызмет етті. Жануар қорғау ісіндегі жетістігі үшін Ленин орденімен марапатталған.

Шалғымбаев Басарғабыз Әлімбаевич (1924-2012) Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шиен ауылында дүниеге келді. 1942 жылдың басынан 1943 жылдың желтоқсанына дейін 1-ші Украин шайқасында 1150-ші атқыштар полкі қатарында болды. Мәскеуден Брянск орманына дейінгі жерлерде шайқасты. Брянс облысы Жуково селосына жеткенде қызыл армия қатарындағы Шалғымбаев ауыр жарақатқа ұшырады. Мәскеудегі әскери сауықтыру орталығына жеткізілді. 1943 жылдың желтоқсанынан 1944 жылдың қаңтарына дейін №4091 эвакогоспитальде жатты. Соғыстан 2-топтағы мүгедек болып оралды.

ҰОС I дәрежелі орденімен, Қызықл Жұлдыз, II дәрежелі мәртебемен марапатталды, «Ерлігі үшін», «Германиядағы жеңісі үшін» сонымен бірге 12 мерейтойлық медальдарының иегері. 1947 жылдан бері Кеңес Коммунистік партиясының мүшесі.