- Негізгі бет
- 8 наурыз 2015
- 8 наурызды қалай...
8 наурызды қалай өткізуге болады?
Нәзік жандылар мерекесі де әне-міне дегенше жақындап қалды. Анаңызды, құрбыңызды, сүйіктіңізді мерекеде қалай қуантуға болады?
Анаңызды қуантудың бірден-бір амалы – үй шаруасын қолға алу. Бұл күні сіз ертерек оянып, үйдің ішін толықтай жинап, жуып шығуыңызға болады. Бір күн алдын ала қандай тағамдар әзірлейтініңізді жоспарлаңыз.
Уақыты келгенде дүкеннен қажетті азық-түліктерді алып, қалаған тағамдарыңызды дайындаңыз. Мысалы, анаңыз жақсы көретін торт немесе пирог түрін, кешкі ас, кішігірім тәтті тоқаштар дайындауға болады.
Ал қарындас не әпкеңіздің бөлмесін түрлі суреттерімен әшекейлеп, сыйлығын табыстауыңызға болады. Сіңліңіздің/қарындасыңыздың жасы кіші болса, бөлмені шар мен түрлі-түсті ленталармен әшекейлеуіңізге болады.
Жылы аймақта болсаңыз, сүйіктіңізді саябақтағы пикникке шақырсаңыз болады. Бұл жолы да сценарий бір, яғни өз қолыңыздан жасалған тағаммен қуантуға болады.
Ал егер суық аймақта тұратын болсаңыз, оны кафеге не мейрамханаға кешкі асқа шақыруыңызға болады.
Егер сүйіктіңіз өзіңізден шалғай жерде тұрса қуанта алмаймын деп қам жемеңіз. Қазірде кез келген жерде «апарып беру» қызметі бар. Жақсы көретін гүл шоғы мен ерекше бір сыйлыққа тапсырыс беріп, уақытында апарып беруді өтінсеңіз болады. Мұның өзі-ақ сүйіктіңізді қуантатынына күмән жоқ.
Егер анаңыз, әпке не сүйіктіңіз театрға баруды ұнататын болса, қаладағы театрлардың біріне шақырыңыз.
Ең бастысы, бұл күні нәзік жандыларға гүл сыйлауды ұмытпаңыз.
Сыйлық таңдауда қиналып жүрсеңіз, мына сілтемелерге өтіңіз.
Сурет: ©Сұлтан Ахметов
Ф. Абилова