Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / ӘЧ Денис Тен әзірге үшінші

ӘЧ Денис Тен әзірге үшінші

ӘЧ Денис Тен әзірге үшінші

Белоруссия астанасы Минск қаласында жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Біздің елден барған спортшылар да бақ сынауда. Аталған жарыста керемет өнер көрсеткен  Денис Тен қысқа бағдарламаның қорытынды нәтижесі бойынша әзірге үшінші нәтижеге қол жеткізді. 

Бұл жарыста 75,43 ұпай санымен АҚШ спортшысы Джошуа Фаррис алда болса, біздің Денис 73,78 ұпай жинады. Екі фигуристің ортасында қытайлық Ян Хана 74,88 ұпаймен екінші орында орналасқан. Еркін бағдарлама бойынша байқау-бәйге наурыздың 3-і күні өтеді деп жоспарлануда.

Тенмен бірге әлем чемпионатына тағы үш бірдей қазақстандық спортшы аттанған. Қыздар арасында алдын ала байқауда өнер көрсеткен Регина Глазман тек 27-ші нәтиже көрсетіп, басты топқа іліне алмады. Бишілер дуэті байқауында қазақстандық Карина Узурова мен Ілияс Әли жарыстың ақтық мәресіне жолдама алғанымен, қысқа бағдарламаның нәтижесі бойынша, тек 22-орынға қол жеткізе алды. Бұл байқауда 25 дуэт өнер көрсетті. Бірақ, еркін бағдарламаның жүлделері үшін сынға жолдама алу үшін қазақстандықтар кем дегенде 20-шы нәтиже көрсетулері керек еді. "Бап шаба ма, бақ шаба ма" деген осы шығар.

Жалпы алғанда, жастарымыздың қарқыны жаман емес. Тек әдептен озып кетпесе болғаны. Осы жылдың қаңтар айында австриялық Инсбургте жасөспірімдер арасында өткен олимпиада ойындарында Узурова мен Әлиге ашық костюмі үшін айыппұл салынды. Қазылар алқасы тарапынан спортшыларымыздың ұпай саны төмендегенімен, қазақстандық жұп бұл жарыста алтыншы көрсеткішке ие болды. Тәртіп сақтасақ, жеңісті күндердің алда екені анық.

Форумда талқылау

Сурет: sport.gazeta.kz

2511 6
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 02 наурыз 2012, 15:00
Пікірлер
+0
02 наурыз 2012, 17:51

мәнерлеп сырғанаушылардың қарқыны жаман емес )

+0
02 наурыз 2012, 18:02

Ашық киімдер дегені қандай киім екен? ))

+0
02 наурыз 2012, 18:12

Денистің осы қанша медалі бар екен ә??

+0
02 наурыз 2012, 20:21

Денис Тен тек бағдарлама бойынша үшінші оырнда! Жөндеп аударсаңдаршы))) Сосын, "қола алқа" деген тіркес болмайды! Узурованың да әдептен асқан ештеңесі жоқ) Инсбургте төрешілер алдымен рұқсат етіп кейін ұпайларынан айырды. Ол таза әділетсіздік... Осыны ескер, автор)))

+0
04 наурыз 2012, 11:11

алтын алқа, күміс алқа, қола алқа ) деп айта береді ғо )

+0
03 наурыз 2012, 00:51

Қазақты қана жіберу керек.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз біле бермейтін 11 қызық!
Біз біле бермейтін 11 қызық!

Әлемде қызықты оқиғалар өте көп!

Автор: Altynay Yklasova
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...

Блог деген не? Блогер деген кім? Бізге қажеті бар ма?

Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!
Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!

Олардың орнына өзіңізді бір сәт қойып көрдіңіз бе?

"1+1" Неприкасаемые. Сіз білмейтін жайттар

Бұл киноны не үшін көру қажет?

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...