ШҚО-да ерлі-зайыпты есірткі жарнамалап жүрген

ШҚО-да ерлі-зайыпты есірткі жарнамалап жүрген
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

ШҚО-да ерлі-зайыпты есірткі жарнамалап жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, полицейлер қала аудандарының бірінде есірткі сатумен айналысатын сайттарды жарнамалайтын парақшалар жапсырып жүрген екі өскемендікті анықтаған. Күдіктілерді қылмыс орнынан жедел уәкілдер ұстаған. Заттай дәлел ретінде 41 жастағы ер адам мен оның 28 жастағы жұбайынан есірткі жарнамасының жапсырмасы тәркілеген.

Күдіктілердің айтуынша, бұл парақшалардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді сататын интернет дүкендерге қатысы барын білмеген.

"Әйел бұл "тапсырманы" жұмыс берушіден алған, ол оған брошюраларды қала бойынша жапсыру керек екенін түсіндірген. Еңбек жағдайымен келіскен ол күйеуін өзімен бірге жұмыс жасауға шақырған", - деп жазылған хабарламада.

Қазір күдіктілерге қатысты есірткі, психотроп заттарды, олардың аналогтарын тұтынуға көндіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыпты  төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова