Ресейдегі әлем чемпионатының бойтұмары қасқыр болды

Ресейдегі әлем чемпионатының бойтұмары қасқыр болды
Фото: vk.com

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының бойтұмары (талисман) «Забивака» атты қасқыр болды. Бойтұмар бүкілресейлік дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды.

Төрт жылда бір рет өтетін доданың басты бойтұмарын таңдауға қасқыр, Амур жолбарысы мен мысық ұсынылған еді. Дауыс беруде ресейліктер қасқырды таңдады. Дауыс берушілердің 52,8 %-ы «Забиваканы» лайықты деп таныған. Амур жолбарысы 26,8 %, мысық 20,4 % дауыс жинады.

Айта кетейік, Ресейдегі әлем чемпионаты Мәскеу, Калининград, Санкт-Петербург, Волгоград, Қазан, Нижний Новгород, Самара, Саранск, Ростов, Сочи және Екатеринбург қалаларында өтеді. Осыған дейін ФИФА Ресейдегі әлем чемпионатынан бастап жаңа ережелер қолданылатынын хабарлаған болатын. 

Ө. Сансызбай