«Қайраттың» УЕФА кубогындағы қарсыластары белгілі болды

«Қайраттың» УЕФА кубогындағы қарсыластары белгілі болды
Фото: sportsffa.kz

«Қайрат» футзал клубының УЕФА кубогы элиталық кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды.  Қазақстандық клуб бұл кезеңдегі ойындарын 22-27 қараша аралығында Алматыда өткізеді.

Элиталық кезеңде (ауызекі тілмен айтқанда, жартылай финалдық додада) 16 таңдаулы клуб төрт топқа тең бөлінді. «Қайрат» “А” тобына түсті. Қарсыластары – "Никарс" (Латвия), "Реал Риети" (Италия) және "Феникс" (Косово).

Төрт команданың екеуі – негізгі кезеңдегі додада, өз топтарында екінші орын алған командалар. Тек "Никарс" бұған дейінгі електік сатыда топ жарып, бірінші орынмен шықты. 

Айта кетейік, «Қайрат» УЕФА кубогының жартылай финалдық додасында алтыншы рет бақ сынағалы отыр. Екі рет (2013 және 2015 жылдары) осы кубокты жеңіп алып, жеңімпаз атанған.

Ө. Сансызбай