Геннадий Головкин 2017 жылы 4 жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

Геннадий Головкин 2017 жылы 4 жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр
Фото: vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие Геннадий Головкин 2017 жылы 4 жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер хабарлады.

- Головкин көбірек жекпе-жек өткізгенді, көбірек жаттыққанды жақсы көреді. Оның 2017 жылы 4 жекпе-жек өткізгісі келетінін жасырғым келмейді, - деді промоутері.

Промоутердің сөзінше, Головкин рингке ақпан айында HBO арнасына арналған жекпе-жекте қайта оралады. Сонымен бірге, ол мамыр, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларында жекпе-жек өткізе алады.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2016 жылы 2 кездесу ғана өткізді. Сәуір айында америкалық Доминик Уэйдті жеңсе, қыркүйекте ұлыбританиялық Келл Брукты бесінші раундта ұтып шыққан еді.

Ө. Сансызбай