Димаш Құдайберген "Жылдың ең танымал әншісі" жүлдесін жеңіп алды

Димаш Құдайберген "Жылдың ең танымал әншісі" жүлдесін жеңіп алды
Фото: twitter.com

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген қытайлық "ОК" журналының шешімімен "Жылдың ең танымал әншісі" атағына ие болды. Бұл туралы әншінің өзі инстаграмдағы жеке парақшасына жазды.

Бұл – Димаштың Қытайда жүріп алған төртінші жүлдесі. Естеріңізде болса, Димаш "Battle of memories" әні үшін "Top Global Chinese Music" жүлдесін, 17th China Music Awards "шарасында "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" жүлдесін, China Top music Awards шарасының "Азияның ең танымал әншісі" жүлдесін жеңіп алған еді. 

Кеше, 24 мамыр күні Димаш 23 жасқа толды. Туған күнін әнші Қытайда мыңдаған жанкүйерімен бірге қарсы алды. Ал 27 маусымда Димаш Құдайберген Астана қаласында EXPO-2017 көрмесі аясында "Бастау" атты жеке шығармашылық концертін өткізеді. 

М. Оңғарова